«Бастауыш сыныптарда оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер»



бет11/15
Дата26.10.2022
өлшемі2,57 Mb.
#45495
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
«Сен жалғастыр» ойыны
 
Ойынның мақсаты: Басталған буынға буын қосып, сөз құрауға, зейінділікке баулу. 
Мұғалім сөздің басты буынын айтады, ал оқушылар оны аяқтайды. 
Мысалы, Ә-ЖЕ, ТА-ЗА, А-ТА, АЛ-МА. Т.б. 
«Достасқан буындар».


Қатар отырған оқушылар ауызша орындайды. Орындау тәртібі бойынша бірінші оқушы қа буынын айтса, екінші келесі буынын тауып сөз құрауы керек.
«Адасқан әріптер»ойыны
Дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жаса.
1. р, о, б.- бор
2. а, ш, а, ғ.- шаға
«Жалғасын тап» ойыны.
Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.
1. Ұяда....
Ұшқанда
2. Көп...
Терең...


«Синтаксистік касса» ойыны.

Карточкада бірнеше суреттер көрсетіледі (адам, құс, т.б.) беріледі және қойылатын сұрақтар карточкасы жасалады. Суреттің үстіне сұрақтары айтылып қойылады.




«Сөйлем қуаласпақ» ойыны.
Интерактивті тақтадан мазмұнды суреттер көрсетіледі. Топта сөйлемдер арқылы мәтін түрлері немесе хат, эссе, ой-толғау, хабарландыру, жарнама құрастырылады (ауызша).


«Кедергіден өту» ойыны.

Интерактивті тақтадан «кедергілер» көрсетіледі. Әр кедергінің өз тапсырамасы тақтадан көрінеді. Тапсырмалар топқа беріледі. Осылайша ойын соңында кедергілерден өтіп мәреге жеткен топ жеңіске жетеді.


«Алтын айт» ойыны.
Интерактивті тақтадан бір-бірімен араласқан бірнеше суреттер тұрады. Оқушылар кезекпен шығып суреттерді «белгісі» арқылы топтан себебін түсіндіреді.


«Жеміс жинау».

Дидактикалық мақсаты. Заттарды санауға және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету. 
Қажетті құрал - жабдықтар. Қағаздан жасалған үш себет және үлестірмелі жеміс түрлері. 
Ойын мазмұны. Үстел үстінде шашырап жатқан жеміс түрлері. Тақтаға шақырылған оқушы жемістерді теріп, үш себетке жинайды. Бірінші себетке - алма, екінші себетке - алмұрт, үшінші себетке - әр түрлі жемістер теріледі. Әр себеттегі жемістерді алдымен жеке оқушы санайды, кейін сынып оқушылары хормен салыстырады . Екі себеттегі әртүрлі жемістерді салыстырады .
Мысалы : «Себеттегі алмалар нешеу? Себеттегі алмұрттар нешеу?
Бірінші себеттен бір алма, ал екіншісінен бір алмұрт алып қой. Осылайша әрі қарай жалғастыр. Себеттегі алмұрт қалды ма? Неше алма қалды? Неше алмұрт қалды? Алмұрттың алмадан қаншасы кем? Қаншасы артық? Алмұрттың пішіні неге ұқсайды, алма ше?» деген сұрақтар қоя отырып, ойынды әрі қарай жалғастыруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет