.«Коллаж әңгіме» Ұйымдастыру: топпен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау және коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Сипаттамасы: оқушыларға түрлі-түсті суреттері бар журналдар беріледі. Олар журналдардан қиып алып алған суреттерін флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады.
2.Формативті бағалау түрлері: Формативті бағалау әдістерінің басты ерекшелігі оқушылардың түсіну қабілетін бағалауда, сондай-ақ оқушылардың аналитикалық құралдар мен мысалдарды қолдануында танымдық прогресін анықтау. Мұндай бағалаудың қорытындыларын оқыту деңгейін жаксарту барысында қолдануға болады.
«Қолмен белгі беру» әдісі.
Оқытушы өзінің сабақ түсіндіріп жату процесін кез-келген уақытта тоқтатып, оқушылардан айтылып жатқан тақырыпты түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрау. Бұл үшін ұстаз алдын-ала оқушыларға қолмен белгі көрсетулерді үйретеді.
Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады)
Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды)
Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау)
«Өзін-өзі бағалау»
Бұл әдісте қатысушылар өздерінің білімдері жайлы мағлұмат жинайды, оларды талқылап, алға жылжуларына қорытынды жасайды. Өзін-өзі бағалауды жүргізгендегі міндетті шарттары – оқушылардың оқытылатын тақырыпты өтер алдында және жұмысты орындар алдында олар барлық жұмысты бағалау межелерімен (критерий) таныс болулары қажет.
«Бағдаршам» Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланамын.
Мысалы:
Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).
Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады.
Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды.