Дидактикалық мақсаты. Заттардың кеңістікте орналасуы жайында түсініктер беру, орналасу қалыптарын салыстыру .
Қажетті құрал — жабдықтар. Вагон нөмірі жазылған карточкалар.
Ойын мазмұны. Бес оқушы тақтаға шақырылады. «Алдымен кім тұрады? Ол нешінші вагон? Содан кейін ше? Ең соңында ше? Ол нешінші вагон? Бірінші және екінші вагондардан кейін кім түр? Ол нешінші вагон? Үшінші және бесінші вагондар арасында кім тұр? Ол нешіншісі? Бесінші вагонды ағытайық. Сонда неше вагон қалды? Тағы да 5 оқушы шақырылып, олар да поезд құрастырады. Поездың қайсысы ұзын, қайсысы қысқа? Қай поездың вагоны артық? Қай поезда вагондар кем? Тіркемелерді теңестіру үшін не істеу керек?» деген сұрақтар қоя отырып, екі топты теңестіру және салыстыру әдістерін игереді. Осыған ұқсас цифрлар жазылған карточкалардан тіркемелер құрастыруға болады.
«Кім жылдам ?»
Дидактикалық мақсаты . Санауға үйрету. Уақыт жайында қарапайым түсініктер беру: «бұрын», «кейін», «әуелі», «алдымен», «сонан кейін».
Қажетті құрал - жабдықтар. Түрлі ойыншықтар, шаршы, матрешкалар, т.б. заттар.
Ойын мазмұны . Ойынды қолда бар заттар мен материалдарға орай түрліше ұйымдастыруға болады.
Мысалы : Өлшемдері әртүрлі сақиналар жиынтығы бар болса, пирамидалар құрастыруға болады. Мұны орындау белгілі бір ретпен артатындай, (кемітетіндей) нұсқада ең кішісінен бастаймыз да, ең үлкеніне дейін орналастырып шығамыз.
Осыған керісінше болуы да мүмкін. Ал, пирамида құрастыру санаумен қарбалас орындалады.
Оқушыларға фигуралардан, мысалы шаршылар мен үшбұрыш т.б. «үй құрастыру» ойынын еске түсіріп, орындалу ретін көрсету. Әр түрлі ойыншықтарды тақта алдында санап орналастыра отырып, оларды қайсысы қайсысынан бұрын (кейін) орналасқаны, әуелі, алдымен, сонан кейін қайсысы тұрғандығы жайлы түсініктерін анықтап, ойынды әрі қарай жалғастыруға болады.
«Нені қайда қою керек ?» (Заттардың кеңістіктегі орны)
Дидактикалық мақсаты. Санауға үйрету. Заттардың кеңістіктегі орны жайындағы түсініктер қалыптастыру.
Қажетті құрал - жабдықтар. Геометриялық фигуралар. Жылжымалы сөрелер.
Ойын мазмұны. Тақтаға бірнеше оқушы шақырылады. Мұғалімнің басшылығымен төмендегідей тапсырмалар орындалуы тиіс. Жоғарғы сөреге қызыл дөңгелекті, оның астына төменгі сөреге жасыл дөңгелекті; қызыл дөңгелектің оң жағына - көк шаршыны (квадрат), ал сол жағына - жасыл үшбұрышты, жасыл дөңгелектің оң жағына сары үшбұрыш, ал сол жағына жасыл шаршыны (квадрат) қой.
Әр сөреге неше зат қойдың? Олар жайында не айтар едің? Барлығы неше зат қойдың? - деген сұрақтар қоя отырып, ойынды әрі қарай жалғастыруға болады.