Үлгі Қорытынды.
Тәрбиелеп отырған жеткіншектеріміз еліміздің ертеңгі өмірінде, жеке тұлға болып қалыптасып, өмірден дұрыс жол таба білу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен ой қабылдай білуге үйренуі қажет. Осы мәселені шешуде оқыту мазмұнындағы әдіс - тәсілдердің де озығын пайдаланған жөн. Әрбір сабақты тиімді ұйымдастырып, оқушылардың танымдық үрдістерін (белсенді қабылдау, ауызша – қисынды сөйлеу, ойлау, есте сақтау) арттыру бағытында, зерікпейтіндей етіп өткізу керек.
Жалпы білім беру барысында ұстазға шеберлік, төзімділік, талапшылдық қасиеттер өте қажет екенін ескере жүріп, оқушыларға түрлі әдіс - тәсілдер қолданып, оқулықтан, тақырыптан басқа да қосымша материалдарды пайдаланып, оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, сауатын ашып, жақсы оқуларына мүмкіндік беруге тырысамын..
Әр маман өзінің беретін пәнін, әр түрлі әдіс - тәсілдерді жетік білуі, оқушылармен тығыз қарым – қатынаста болуы қажет. Осы мәселелерді әрдайым сабақта, сабақтан тыс уақытта, белгілі бір мақсатта емес, әр түрлі жағдайда қолданып отыру, атқарған жұмысымыздың нәтижесін көрсетеді.
Бұл дидактикалық материалды әдебиеттік оқу пәнінде қолдану өте тиімді.Кітапшадағы тапсырмаларды өз тәжірибем де тарауларды қайталау сағатында қолданып,тәжірибемде пайдаландым.. Осы тапсырмалар арқылы оқушыларымның пәнге деген қызығушылықтарының артты. Атап айтсақ, тоқсандық білім сапалары 1тоқсанда 67℅болса,келесі тоқсанда 83℅-ға көтерілді.Оқушылар дидактикалық материалдағы қызықты тапсырмаларды құлшына орындайды.Қазіргі таңда оқушылар сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтерін,кестелерді,шығармашылық тапсырмаларды қиындықсыз орындайды.
Осындай ізденістің нәтижесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттері айтарлықтай өсті.Оқушыларымның әдебиеттік пәннен орындаған шығармашылық тапсырмалары «Самал», «Ертегілер елінде» басылымдарында жарық көрді.
Кітапшамда топтастырылған дидактикалық материалдарды күнделікті және ашық сабақтарымда түрлендіріп қолданып отырамын.Сондықтан әріптестеріме де көмегі тиері сөзсіз.
21
Достарыңызбен бөлісу: |