«Нені қайда қою керек ?» (Салыстыруға)
Дидактикалық мақсаты. Санауға үйрету. Геометриялық фигураларды әртүрлі белгілеріне қарай салыстыру.
Қажетті құрал - жабдықтар . Түрлі геометриялық фигуралар. Магнитті тақта.
Ойын мазмұны. Тақтаға оқушы шақырылады. Түстері, өлшемдері, пішіндері әртүрлі геометриялық фигураларды магнит тақтаға немесе фланелографта орналастыруы керек .
Мысалы: көк дөңгелек қызыл дөңгелектің сол жағына, ал жасыл дөңгелек қызыл дөңгелектің оң жағына, бір үлкен дөңгелек екі кіші дөңгелектің арасында, қызыл дөңгелектен төмен кіші көк үшбұрыш және т.с.с. болсын .
Тапсырма орындалғаннан кейін , заттарды санайды, топтар құрады, әртүрлі белгілеріне қарай салыстырады .
Сабақтарымда қолданатын қосымша дидактикалық көрнекіліктер:
Бұл көрнекіліктерді қосымша тапсырмалар ретінде оқуыларыма үлестіріп беремін, олар сурет бойынша мысалды тез құрастырып шығарумен қатар оны түсіндіру барысында сөйлеу тілдері дамиды.
Қортыныды
Дұрыстайтын Меңдігүл апай
Осыларды пайдаланғанда неге қол жеткіздіңіз тиімді жолдары т,б кірістесіз
Қорыта айтқанда, сабақтарда ойын элементтерін неғұрлым жиірек пай-далансақ, соғұрлым сабағымыз қызықты тартымды өтеді. Кез - келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой - өрісін ойын арқылы дамытады. Соңғы нәтижеде ойнай отырып, білім көрсеткішіне өз үлесін қосады. Баланың өмірі, қорша-ған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.
Ойындар - оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды.
Қандай әдіс-тәсілдерді пайдалансақ та оқушының белсенділігін, мақ-сатқа ұмтылуын, ақпаратты өзі іздеп табуын, шапшағаңдығы мен еркін-дігін , шығармашылдығын , көңіл-күйінің көтеріңкі болуын қамтамасыз етуіміз басты назарда болуы тиіс.
Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой-өрісін арттыруда шы-ғармашылық сабақтарды өткізудің алатын маңызы ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: |