Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану



бет18/51
Дата12.06.2022
өлшемі2,98 Mb.
#36743
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51
ОҚУШЫ МЕН КІТАП
Оқушы:
Ақыл-ойдың иeci,
Бар ғалымның жүйесі,
Қуанышы көңілдің,
Баспалдағы өмірдің,
Жан азығым, cepiгiм,
Ардақтамас ceні кім?
Kiтап:
Күндеп өciп келемін,
Көріктеніп көлемім.
Көптің тауып көрерін,
Кезінде айтып беремін.
Бipaқ, білмес парқымды,
Байқап жүрмін әркімді.
Оқушы:
Әсерлемей, асырмай,
Айтшы бәрін жасырмай.
Жан азығым, cepігiм,
Ренжіткен ceнi кім?
Кiтап:
Кейбіреулер epiгiп,
Бос жүруден зepiгiп,
Бетімді тек ашады,
Құт-берекем қашады.
Жолдарымды сызады,
Шырқымды тез бұзады.
Онымен ic бітпейді,
Беттерімді бүктейді.
Көп жерімді жыртады,
Қайшымен де қырқады
Налымайын мен неге
Бұл секілді «пендеге»?
Оқушы:
Сені сүймес адам ба?
Ақылы жоқ, надан да.
Ондайлардан түңілме,
Ceнi сыйлар түбінде.
ЖАЛҚАУДЫҢ ЖАУАБЫ
(сықақ)
Қарағым, қалғыма,
Қарап отыр алдыңа.
Сөздің тұрасына келсек,
Дәптерің қайда, көрсет?!
Сыныпта қалып кетіпті,
Біреулер алып кетіпті.
Одан да, жазғаным,
Десеңші жазбадым.
Жоқ, ағай, жазғам,
Кеше құдық, қазғам.
Сонда түcipiп алдым,
Парағын ұшырып алдым.
Болмаса, оқығаныңды айт,
Көңілге тоқығаныңды айт.
Ағай, оқымадым,
Үйде отырмадым.
Е, қайда болдың?
Не ойладың?
Сайда болдым,
Доп ойнадым.
Кешкілік не істедің?
Асық ойнайтын жер тегістедім.
Енді түрегеліп,
Үйге кipe бере,
Табалдырықтан құлап түстім,
Ұзынымнан сұлап түстім.
Kiтaп бетін аштың ба?
Иә, көрпенің астында
Біраз қарап,
Парағын санап,
Басым iciп кетті,
Денем ысып кетті.
Жатып оқуға бола ма?
Жоқ, аға!
Ойыннан соң қарным ашып,
Дегбірім қашып,
Табақпен іші кең
Көжені көп ішіп ем,
Шертиіп тойып кеттім,
Сосын төсекке қойып кеттім.
Сөйтіп қалжырап,
Тәтті ұйқымен маужырап,
Сабақ оқи алмадым,
Оқығанмен миыма тоқи алмадым.
Онда саған
Тиісті баға – «жаман!».
ӘДЕПТІЛІК ӘЛІППЕСІ
1
Атам менің әманда
Кішіпейіл бол деген.
Ақыл сөзі санамда –
Мақтанбауды жөн көрем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең,
Жөніменен кішінің –
Әдеппенен қол берем.
2
Атам менің әманда
Әділетті бол деген.
Ақыл сөзі санамда –
Жүрем әділ жолменен.
Қалдыратын ұятқа
Жалған сөзге ермеймін.
Жеткізетін мұратқа
Шындықты айту жөн деймін.
3
Атам менің әманда
Мейірімді бол деген.
Ақыл сөзі санамда, –
Жасы үлкенге жол берем.
Жолда көріп қалғанда,
Көмектесем кәріге.
Әкеп берем табанда
Аптекадан дәрі де.
4
Атам менің әманда
Бол дейтұғын бауырмал.
Мынау байтақ ғаламда
Қаншама дос, бауыр бар.
Ақ, сары деп, қара деп,
Бөлінуді білмеймін.
Ойнаған соң бала боп,
Барлығымен бірдеймін.
5
Атам менің әманда
Бол дейтұғын тіл алғыш.
Үлкендерден содан да
Алып жүрмін кіл алғыс.
Үлкеннің де кішінің
Айтқан тілін аламын.
Істеп бәрін ісінің,
Көңілдерін табамын.
6
Атам менің әманда
Ынтымақшыл бол дейтін,
Бірлік болса адамда,
Шын бақыт қой ол дейтін.
Жұлдызшада бесеуміз,
Бес саусақтай мына біз.
Гүлдей жайнап өсеміз,
Тату-тәтті тұрамыз.
КЕРЕК
Балаға ана керек,
Анаға бала керек.
Қорғайтын екеуін де
Отаны – пана керек.
Батырға берен керек,
Ақынға өлең керек.
Екеуі біріккенде,
Ел күші кемелденбек.
Үлкенге иман керек,
Кішіге иба керек.
Адамдар бірін-бірі
Құрметтеп, сыйлау керек.
Жастарға білім керек,
Бәрін де білу керек.
Азамат болсаң алғыр,
Анашың: «Күнім!» – демек.
Үйіңе түндік керек,
Биіңе шындық керек.
Адамды алға бастар
Таусылмас тірлік керек.
Сол үшін талмау керек,
Биікке самғау керек.
Бойыңда бар жақсыны
Халқыңа арнау керек.


ҚОЛ
Ұл:
Менің қолым керемет,
Саусақтарым сиқырлы.
Шегені де шегелеп,
Тарта білер күй түрлі.
Қыз:
Ою ойып сан ирек,
Кестені де тігеді.
Отын жарып, нан илеп,
Кеспені де тіледі.
Ұл:
Еңбек етіп не түрлі,
Түзетеді тұрмысты.
Ұрлық-қарлық секілді
Жасамайды қылмысты.
Екеуі бірге:
Қолдарымыз күшті қол,
Саусағымыз салалы.
Жасап жақсы істі мол,
Бола білген бағалы.


Ахмет Байтұрсынұлы. Шал мен жұмыскер


2015-01-26
 
3434
0

Шал қайтты малайымен пішен шауып,
Бәлені сезе ме адам тұрған бағып.
Орманмен кешкітұрым келе жатты,
Баратын елге тура бір жол тауып.
Тап берді қарсы алдынан аю шығып,
Болмады айла етерге о ғып, бұғып.
Үстіне Шалдың аю қонып қалды,
Сорлыны ә дегенше жерге жығып.
Жұмарлап, басып-жаншып аю шалды,
Жемекке енді бастап ыңғайланды.
«Бауырым, Пәленшежан, айыршы-ай», — деп,
Малайға Шал жалынып, қолқа салды.
Малайы темір айыр, балтаны алып,
Аюды жықты, басын, ішін жарып.
Қан-қан боп үсті-басы, өлейін деп,
Қорқырап аю жатты ыңыранып.
Шал тұрып енді орнынан есен-аман,
Жақындап жұмыскерге келді таман:
«Әумесер, ақылың жоқ, ит-доңыз!» — деп,
Байғұсты балағаттап, сөкті жаман.
«Ұрсасың неге, Шалым, маған, — деді, —
Сөккендей не істедім саған? — деді. —
Жазғаным, менің сені аю – жаудан,
Айырып алғаным ба аман?!» — деді.
Шал айтты: «Көрмеймісің не еткеніңді,
Желігіп жындануға жеткенінді,
Бардай-ақ әкең құны, сонша шаншып,
Терісін іске алғысыз еткеніңді?!»
* * *
Сөз жаздым үгіт үшін бозбалаға,
Осындай елде уақиға аз ғана ма?
Қайырың наданға еткен — шашқан мүлкің,
Болады рәсуа құр далаға.
Құдайым, жолдас қылма жамандарға,
Көзі тар, көңілі соқыр надандарға!
Жақсылық етсең де бір, етпесең де,
Жақпайсың кей ақымақ адамдарға.


Халық дәстүрі асыл қазына
Мақсаты:
1. Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру, кейбір халық әндерін, мақал-мәтелдерін үйрету.
2. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру, тәрбиелік мәні бар салт- дәстүрлерді бойына сіңіру.
Көрнекілігі:
Салт–дәстүрге байланысты суреттер, мақал-мәтелдер, даналардан шыққан сөз, қолөнер бұйымдары, ою-өрнек түрлері.
Сабақтың барысы:
«Дұшпанға қатал, Досқа адал»
Кіріспе
Мұғалім: Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, қадірлі қоңақтар, құрметті мұғалімдер!
Біздің бүгінгі «Халық дәстүрі – асыл қазына» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
1-оқушы Cәлем берем халқыма,
Сәлем берем жалпыңа.
Сәлемдесу кіреді,
Ата-дәстүр салтына.
2-оқушы Егемен болмай ел болмас,
Етек жеңі кең болмас,
Терезесі тең болмас,
Еңді қазақ кем болмас.
3-оқушы Қазақ осы- көргенінен танбайтын,
Той- думансыз оты дұрыс жанбайтын.
Қазақ осы алудай –ақ алатын,
Ал беруден алдына жан салмайтын
6-.Оқушы Біздер бұрын көрмеген,
Салт – дәстүрін білмеген,
Үйренеміз дәріптеп
Заманымда өрлеген
7- оқушы
Туғаннан соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп
4 – оқушы: Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүрмен салтымыз.
5 оқушы
Салт дәстүрім қайта оралды, аты да аңыз!
Сұрамаймыз алғыста, ақылда біз
Үй дастархан даламыз, сахнамыз
Ұлы мейрам қуанышқа шақырамы
Жүргізуші
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүрмен салтымыз - демекші біздер сіздерге бүгін қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің кейбірт түрлері жайында паш етеміз.
Сұрақ жауап алу.
Бата айта білесің бе?
Жаңбыр менен жер көгерер
Батаменен ел көгерер, - дегендей бата арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі.Оның мағынасы- алғыс айту,ақ ниет, тілек білдіру. «Жақсы сөз – жарым ырыс» дегендей үлкендердің,ұлағатты адамдардың берген батасы тарихта ұрпақтан – ұрпаққа үлгі болған.
Ақсақал:
Нұртас бата айту
Бекжан бата айту
2–жүргізуші Жерден ауыр не?
1 -жүргізуші Біздің ата бабаларымыз данышпан, шешен болған. Олар кез келген сұрақтарға, жұмбақтарға ойланбай жауап берген.
Жол бастау қиынба?
Сөз бастау қиынба?
Қол бастау қиынба?
12 -  оқушы: Қол бастау қиын емес
Көк найзалы ерің болса.
Жол бастау қиын емес
Соңына ерген ел болса.
Бәрінен де сөз бастау қиын
Тауып айтсаң мереке қылады
Таппай айтсаң келеке қылады
2–Жүргізуші: Не жетім?
13-  оқушы: Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім.
Достар жеті ата деген кім?
Жеті атасын үйрету ескіден қалған аталы сөз, бабалардың өнегесін, ерлігін, азаматтығын балаларға ұғындыру - әке міндеті болып есптелген. 
Хормен: Әке, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
Аружан, Бекжан(өздерінің жеті аталары туралы айтады)
Мұғалім: Жақсылық адамдардың тілегі екен,
Тілейтін жақсылықты жүрегі екен.
Дәстүрі қазағымның сарқылмаған,
Сұрақтарға балалар дұрыс жауап бере ме екен?
Мұғалімнің сұрағы:
2-Жүргізуші
Қазақтың бар отбасында баланың дүниеге келуіне байланысты ежелден келе жаткан салт – дәстүрлері бар. Кейбір дәстүрлер сәл өзгерген түрде бүгінгі күнге дейін сақталған. Бала дүниеге келгенде сүйінші сұрайды.
Сүйінші қазақ халқының жақсы дәстүрінің бірі. Жас нәресте дүниеге келгенде, қуанышты хабар болғанда, туған туыс, дос – жаран бір – бірінен сүйінші тілеп мәз – мейрам болып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет