I Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді,
Не деп барып жеу керек?
Барлығы: «Рахмет апа» деу керек.
II Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу-айқай.
Сенде шықтың көршіңді,
қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек?
Барлығы: «Кешіріңіз» деу керек.
III Осы келген бетіңде,
Допты қүдың жарыстың.
Көшенің сол шетінде,
Кезекті бір танысың.
Ұмыттың сен не деуді?
Барлығы: «Сәлеметсіз бе » деу керек.
IV Үй артында қоқысты,
Жатқан көптен үйіліп.
Тазалайды қарт кісі,
Белі зорға иіліп.
Не дегенің жөн еді?
Барлығы:«Көмектесейін» деу керек.
Жүргізуші: Біз көңілді ұланбыз,
Би билейміз бұландап.
Бақытты елде туғанбыз.
Жаз гүліндей жайраңдап-деп кезекті:« Көбелек »биі
Малалова А.Құрманғазиева Д.Садарова С.
Жүргізуші: «Мақал сөз атасы» Оқушы: Адамдықтың белгісі- иіліп сәлем бергені.
Оқушы: Жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік.
Оқушы: Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
Оқушы: Аулақ жүріп, жаман қылық, әдеттен
Үйренеміз жақсы мінез әдептен.
Жүргізуші:Татар биі Билейтіндер НасекеновҒ.Масалова А. Байболатов
А. Құрманғазиева Д.
Жүргізуші:Ойын «Ауызша волейбол»
Ойының шарты: Сапқа тұрып допты бір-біріне берген
кезде, балдаурен балалық шақ, достық, адамгершілік
қасиеттері туралы сөздер айтулары керек, мысалы:
достыө, бейбітшілік, шыншыл, ұстамды, әдепті,
жанашыр, мейрімді, адал, бақытты, қуанышты.т.б.
Жүргізуші:Тыныштық баршамыздың ұранымыз,
Мәңгілік таусылмайтын жыр әніміз.
Арманның асқарына қанат қаққан,
Бақытты бейбіт елдің ұланымыз-дей
келе бүгінгі кешімізді аяқтай келіп ата-аналар өз балдарыңызды қастарынна алып «Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие» атты сауанамаға жауап беруіңізді сұраймын.
Балалар сіздердің балалық шағыңыздың қызықты күндері таусылмасын. Біз бүгін бүлдіршіндерімізге мықты денсаулық,оқуларына сәттілік тілеп, тіл алғыш зерделі болыңдар демекпіз.
Шара соныңда балаларды марапаттау, сыйлықтар үлестіру.