Оқушылар өткен тәрбие сағаты туралы өз пікірлерін жапсырма қағазға жазып, «Достық» ағашына жапсырады.
Тақырыбы: Сәкен оқулары Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылған ақиық ақын, ірі мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, аты аңызға айналған Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына арналған «Сәкен оқулары» атты байқауына қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Сәкен лирикасының өзіндік сыр-сипаты алуан түрлі. Туған жерге сүйіспеншілік, табиғат көріністері мен құбылыстары, махаббат сырлары, сағыныш сазы, мезгіл суреттері, аң-кұсты аялау, ана-бала сүйіспеншілігі — ақын лирикасының басты тақырыптары.
Жүргізуші: Ал, құрметті халайық! Бүгінгі «Сәкен оқулары» байқауымызды бастамай тұрып, әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1.
2.
3.
4.
5.
«Сәкен оқулары» байқауына қатысқан әр үміткеріміз үш кезеңнен өту керек, бұл — өз таңдауы бойынша Сәкен өлеңін жатқа айту; 2 кезеңі — Сәкенге арнау оқу және 3 кезеңі — Сәкеннің бір әнін орындау.
Жүргізуші: Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын орындауға үміткерімізді шақырамыз
Әр қатысушы әр сайысқа өз кезегімен шығады Жүргізуші: Ұлы есімдер қайтсе де жаңғырады
Ұлылардың селдейді жаңбыр әні
Салауатты әлемің Сәкен аға,
Жарқылдатып сезімді жандырады.
Сұлу бейнең, семсер сөз, жыр өрнегің,
Дара дарын – кеңдігі табиғаттың
Сәкен – сұңқар
Ол – сән
Сәкен – аңыз
Ел мен жердің мақтаны – Сәкен ақын
Құрметті, халайық! Барлық үміткерлерімізді көріп, тыңдап болдық. Енді байқаудың әділ қорытындысын шығаруға әділқазылар алқасын шығарып салай