Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану


Мұғалімнің кіріспе сөзі, достық туралы әңгіме



бет37/51
Дата12.06.2022
өлшемі2,98 Mb.
#36743
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word

Мұғалімнің кіріспе сөзі, достық туралы әңгіме.
Достық- адамдардың бір- бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.
Ерте заманның ойшылы және асқан шешен Цицерон: «Достық өз бойына қаншама саналуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды; ол сәттілікке жаңа сәулет береді» - дейді.
Достықадамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.
Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Ф.Франклин айтқандай, досты асықпай таңдау қажет.
Достықтың негізі- достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі.

Келесі кезек дос туралы көріністерге беріледі:




Достық
Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:

  • Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

  • Достықтықтың екі түрі болады. Бірі - адал достық, екіншісі – амал достық.

«Енді оны қалай ажырата аламыз» дегендерге:

  • Адал достық - өмірлік нұсқа, амал достықтың өрісі қысқа болады, - деп жауап береді екен.

Оқушылардың пікірлері тыңдалады.

-Жарайсыңдар балалар, енді сендер білесіңдер ме достың екі түрі болады. Бірі-адал достық, екіншісі- амал достық. Адал достық сенімді, қамқор, адал сендердің достықтарың сияқты болады, амал достық өтірік айтады, мақтаншақ, арам болып келеді.


Сонымен балалар біз қандай достықты таңдаймыз? Мен сендерге екі дос әнгімесін айтып берейін, сендер олардық достығы адал ма, әлде амал достық па, қайсысы екеннің өздерің айтыңдар.
«Екі дос».
«Бірде орманмен екі дос келе жатқанда оларға бір аю бас салады. Бір бала сасқанынан жүгіріп барып ағашқа мініп кетеді. Ал екіншісі үлгере алмай, өтірік өлген болып,жата қалады.Аю оған жақындап келіп, иіскей бастайды.Бала болса демін шығармай тыныш жата қалады. Аю оны иіскеп-иіскеп кетіп қалады. Аю кеткен соң бірінші бала ағаштан түсіп алып: «Аю саған не айтты?,- дейді. «Ол маған, досың тастап кеткен дос-дос емес»,-деді »
Сұрақ:
1 Дос деген қандай болуы керек?
2.Нағыз дос деп осы екі баланы атауға бола ма?

Енді балалар дос туралы кім, қандай тақпақтар біледі? Ортаға салып, білетіндеріңмен бөлісейік.




Бекзат:
Достық- әдеп, сыйласым,
Дос- өмірлік қимасың.
Дос арыңдай қымбатым.
Достық сезім тым тәтті,


Бану:
Достық –игі жақсылық.
Достық ниет- жақсы үміт,
Достық жасап адамға,
Достаса біл әманда.


Талгат:
Доспен бірге жүреміз,
Бірге ойнап күлеміз,
Ажырамас іргеміз,
Әрқашанда біргеміз


Абылай:
Достар тату-тәттіміз,
Болса қолда тәттіміз,
Біз бөлісіп жатамыз
Бәріміз дәм татамыз.


Кербез:
Біздің топта ұл- қыздар
Тату –тәтті ойнаймыз
Әлемдегі бар адамға
Тек жақсылық ойлаймыз!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет