Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану


Әділқазылар алқасының шешімі шығып, сахнаға көтерілуі



бет40/51
Дата12.06.2022
өлшемі2,98 Mb.
#36743
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word

Әділқазылар алқасының шешімі шығып, сахнаға көтерілуі
Жеңімпаздарды марапаттау
Жүргізуші:
Мұндай ұлды Арқадай дала туған
Мұндай ұлды Жамалдай ана туған.
Ақын Сәкен,
Ер сәкен
Сұлу Сәкен
Дара көрік, бірегей дара тұлғаң.
Құрметті қонақтар! Осымен «Сәкен оқулары» атты байқауымыз өз мәресіне жетті. Сәкен – туған халқының ер ақыны, далада туған революция дауылпазы. Сәкеннің қалдырған мұрасы ешқашан да өшпейді.
Жүргізуші:
Келесі кездескенше сау саламат болыңыздар!

Тақырыбы: Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы Жеңіс
Мақсаты: Ұлы Отан соғысы туралы, елін жаудан қорғап қалған ержүрек отандастарымыз туралы түсінік беру; туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру; ата - бабамыздың ерлік істерін қастерлеп, үлгі - өнеге тұту; елжандылыққа, туған елін, жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, аудиожазба, слайдтар
Барысы: I. Кіріспе
- Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! «Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы Жеңіс» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
II. Негізгі бөлім
1 - оқушы:
Ашылды жеңіс күннің парақтары,
Талай құс содан бері қайта оралды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды
Ұрпағы олар жайлы айтады әнді.
2 - оқушы:
Жетпіс жыл үзілмеді құстар әні,
Кетті енді сұм соғыстың қыспақ әні.
Жетпіс жыл фашистердің ажал оғы
Біздің елдің үстімен ұшпағалы.
Аудиожазбадан «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» әнін тыңдау
1941жылы 22 шілде күні таңғы сағат 4 - те фашистік Германия ССРО - ға қарсы тұтқиылдан соғыс ашты. Суық хабар сол күні - ақ әйгілі диктор Левитанның қуатты үнімен еліміздің түкпір - түкпіріне тарады. Ер - азаматтар асығыс майданға аттанды. Соғысқа жол тартқан жауынгерлер:
- Қош бол, досым, жақыным,
Уақыт тығыз, сөз қысқа!
Кетіп бара жатырмын
Сұрапыл бір соғысқа,- деп, ел - жұртымен қоштасты.
ССРО - ның басына қатерлі күн туды. 1млн 870 мың қазақстандық жан аямай жаумен шайқасты, олардың қаншамасы ерлікпен қаза тапты. Міне, осынау ССРО - ға лаң салған апаттың жеңіспен аяқталғанына жетпіс жыл толып отыр. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес, ержүрек батырларымыз қашан да халық есінде!
3 - оқушы:
Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
4 - оқушы:
Тастар көкке атылды,
Орман шулап, тау құлап.
Жиырма сегіз батырды
Жеңе алмады жау бірақ.
5 - оқушы:
Оқ астында зулаған
Туған жермен бір болып.
Жау алдында тұрды олар
Жиырма сегіз шың болып. (Слайд 28 панфиловшы - батырлар)
6 - оқушы:
Оқ борады күн - түні,
Жапты жерді от қарып.
Алға қарай ұмтылды
Батыр қазақ Тоқтаров.
7 - оқушы:
Мәншүк атыс толасында,
Жүр орманның арасында.
«Мені ал, мені ал»- деп алуан гүл
Қолына оның таласуда.
Тығылып гүл омырауға,
Сұрағандай жанға сауға.
Ант еткендей тұрды Мәншүк
Гүлді жауға таптатпауға.( «Мәншүк туралы дастан»фильмінен үзінді )
8 – оқушы:
Көкте зырлап барады алтын жұлдыз,
Жерде тұрып қарады Әлия қыз.
Алтын жұлдыз алысқа кетті ағып,
Кетті ағып, жас қызға бір ой салып.
Алтын жұлдыз зымырап кетті алыс,
Кетті алыс мылтық ап бір жап - жас қыз...
Майдан кешті мылтық ап Әлия қыз
Өр төсінде жарқырап алтын жұлдыз!
Аудиожазбадан «Әлия» әнін тыңдау
- Бұл жылдары әке, ағаларымызбен бірге әпкелеріміз де жан аямай соғысты. Олардың ерліктері туралы ақын - жазушылар небір көркем шығармалар жазса, талай суретшілердің қылқаламынан да тамаша картиналар туындады, кинорежиссерлер көптеген фильмдер түсірді. Солардың ішінде біз оқып, танысқан Ә. Молдағұлова, М. Мәметова, Б. Момышұлы, Т. Тоқтаровтармен қатар сендердің де аталарың болған еді. Бүгін олардың ерлік істері жас ұрпақ үшін өшпес өнеге, зор мақтаныш. Ал қазір өзінің атасы туралы оқушылардың жазған жүрекжарды шығармаларын тыңдап көрейік.
(Оқушылар шығармаларын оқиды.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет