Бастауыш сыныптарда оқушы дәптерлерін жүргізу тәртібі



бет3/4
Дата12.12.2022
өлшемі88,62 Kb.
#56648
1   2   3   4

  • Сабақтағы сөздік жұмысы
  • Сөздік жұмыс әр сабақтың міндетті кезеңі деп саналады. Сөздік сын жұмысы аптасына 1-2 рет бақылау үшін жүргізіледі.

Жазба жұмыстарын тексеру тәртібі

  • Жазба жұмыстарын тексеру тәртібі
  • Жазба жұмыстарын тексергенде төмендегі ережелерді ұстану қажет:
  • - Қатенің астын сызу, түзету қызыл сиямен жүргізіледі;
  • - Қате жазылған әріп немесе тыныс белгісі көлбеу сызықпен сызылады, қажетті тыныс белгісі қойылады;
  • - Қате жазылған сөздің бөлігі, сөйлем жіңішке түзу сызықпен сызылып тасталады;
  • - 1,2 сыныптарда сызылып тасталғанның үстіне әріп, сөз, сөйлем жазылады;
  • - 3-4 сыныптарда (дәптер шетіне) жазылады (/)- емлелік қате, (V) – тыныс белгілерінен жіберілген қате;
  • - Баға тапсырманың сол жағына қойылады;
  • - Мадақтау жазулары жазылады;
  • - Ескерту, сұраулы ескертулер жазбаған жөн;
  • - 2,3,4 сыныптарда мазмұндамаларға, шығармаларға дәптерге 2 баға (әуелі мазмұнына, кейінгісі қатесіне) қойылады (журналда 1 баға мазмұнына қойылады);
  • - Жазба жұмыс дәптерлері күнбе-күн тексерілуі керек;
  • - Қатемен жұмыс жасалынады;
  • Үй тапсырмасының көлемі сынып жұмысының 1/3 бөлігінен аспауы керек. 3 сынып жұмысының көлемі сын жұмысы көлемінен (+,-) 5 сөз болуы тиіс.

Сын жұмысын бағалау мөлшері

  • Сын жұмысын бағалау мөлшері
  • Жазба жұмыстарының критерийлері мен дескрипторларына сәйкес 10 балдық жүйемен қойылады. Мысалы: Диктант (грамматикалық тапсырмаларымен) жаздыру кезінде 6 критерий болса, сөздерді жазу барысында орфографиялық нормалардың түрлеріне қарай 10 балға дейін толықтыруға болады. Яғни, сын жұмыстарын орындату барысында пән ерекшелігіне сай оқу мақсаттары мен міндеттері ескеріледі.

Жұмыс түрлері

Критерийлер/дескрипторлар

Диктант (грамматикалық тапсырмаларымен)
  • мәтінді бұрмалаусыз жазады: әріптерді қосу және ауыстыру, тастап кету;
  • әріптер мен дыбыстар арақатынасын белгілей біледі;
  • грамматикалық тапсырмаларды орындайды;
  • оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қояды;
  • жазу кезінде сөздерді дұрыс жазады;
  • сөздерді жазу барысында орфографиялық нормаларды сақтай біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет