Бастауыш сыныптардағы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» ғылым және оқу пәні ретінде



бет1/5
Дата05.01.2023
өлшемі19,17 Kb.
#60468
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Бастауыш сыныптардағы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» ғылым және -melimde.com


Бастауыш сыныптардағы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» ғылым және оқу пәні ретінде
Бастауыш сыныптардағы
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі»
ғылым және оқу пәні ретінде
1 дәріс
Әдістеме
АССОЦИАЦИЯ
Әдіс - …Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы.……………………….
Тәсіл - …………………………
Тәсілдеме - ……………………
Айырмашылығы мен ұқсастығы
???
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің ерекшелігі
Қарастырылатын сұрақтар:
1. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің нысаны, мақсат-міндеттері.
2.«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің мазмұны
3.«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің басқа ғылым салаларымен байланысы, зерттеу әдістері.
Тілді оқыту – студенттерді болашақ мамандығының қыр-сырымен таныстырып, оларды ғылыми-әдістемелік біліммен қаруландырып, өз бетімен кәсіби әрекетін іске асыруға мүмкіндік жасайтын бірден-бір пән. Демек студенттің алған теориялық білімін (тілдің салалары бойынша) іс жүзіне асыруға, келешек мамандығының негізін қалауға мүмкіндік беретін де қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні. Сондықтан болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауда қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің маңызы зор.
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты – қазақ тілін оқыту әдістемесі теориясынан студенттерге жүйелі білім беру, сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Осы мақсатқа жету мынадай міндеттерді көздейді:
– қазақ тілін оқытуға байланысты практикалық іскерлік пен дағды қалыптастыруға негіз болатын теориялық және практикалық мағлұматтар беру;
оларды пәннің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын іске асыруға дайындау;
– қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Пәннің нысаны – бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша ҚР-ның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жоғары педагогикалық құрамдасы ретіндегі қазақ тілін оқыту әдістемесінің мазмұны.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет