Бесінші
заңдылық
Бесінші заңдылық. Фонетикалық, грамматикалық және лексикалық мағыналардың барлығы «тіл материясын», яғни тіл таңбаларын - дыбыс, морфема, сөз, дауыс ырғағы және тиісті жазбаша таңбалар (әріп, тыныс белгісі) - ұғыну барысында меңгеріледі.
Тілді оқушы мазмұны және формасы жағынан, яғни логикалық, грамматикалық жағынан қабылдайды. Ал әрбір сөйлемнің грамматикалық ерекшеліктері тілдің көмегімен анықталады.
Ендеше тілді оқушы, практикалық жағынан, белгілі бір тілдік фактілерді тану құралы ретінде де пайдаланады. Мұндай заңдылықтан тілді оқыту ұстанымы келіп шығады.
Бұл ұстанымды іске асыру ережесі мынадай:
көрнекілікті пайдалану (таблица, схема, түрлі суреттер, теледидар, кино және т.б.);
есту құралдарын пайдалану (мәтіндер оқып беру, магнитофон, радио, теледидар, кино т.б.);
оқу құралдары, көркем мәтіндер, ғылыми-көпшілікке арналған мәтіндер, газеттер, журналдар;
ана тілін үйрену үшін оқушылардың басқа пәндерді оқу барысындағы сөйлеу практикасы (мұғалімнің, жолдастарының сөзі, оларды аңғарту үшін талдау) пайдаланылады.
Алтыншы заңдылық
Алтыншы заңдылық. Тілге үйрену сөйлеу органдарының (өкпе, тамақ, тіл, беттің бұлшық еттері), жазатын қолдың жаттығулары, қимыл-қозғалыстарының тәртіптелуі, дағдының қалыптасуы арқылы ғана іске асады.
Мұғалімнің айтқанын естіп немесе жолдастарының жұмысына қарап қана тіл үйренуге болмайды. Әрбір оқушы өзі оқып, жазып, айтып, түрлі сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырып, сөйлемдерді сан-салаға өзгертіп, өзі әрекет еткенде ғана нәтижеге жетеді.
Бұл заңдылықтан сөйлеу органдары мен жазатын қолды жаттықтыру ұстанымы келіп шығады.
Жетінші
заңдылық
Жетінші заңдылық. Тілге жүйелі түрде сатылап үйрету. Тіл лексика және грамматикалық формалар арқылы дамиды, екінші жағынан тіл неғұрлым бай болса, тілдік фактілер де соғұрлым тез ұғынылады.
Сондықтан оқушыларға алдыңғы үйренгендерін ұмытып қалмайтындай етіп, тілдік материалдарды бірте-бірте көбейтіңкіреп беріп, сөйлегенде қолданылып отыруына жағдай жасалады.
Мұнда қайталаудың алатын орны ерекше және бала есінде саналы түрде, түсініп сақтауы үшін ойлау операцияларын қолдану керек: салыстыру, анализ, синтез, дерексіз ұғым, жалпылау, нақтылау және индуктивтік, дедуктивтік ой қорытындыларын жасай алатындай болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |