Бастауыш сыныптардағы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» ғылым және оқу пәні ретінде



бет3/5
Дата05.01.2023
өлшемі19,17 Kb.
#60468
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бастауыш сыныптардағы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» ғылым және -melimde.com

Екінші
заңдылық
Екінші заңдылық. Тілді ұғыну үшін орасан сезімталдық керек. Зерттеушілер мұндай қасиеттің балада тіпті сәби кезден болатынын айтып жүр.
Грамматиканы үйрету осы «тілдік сезімталдыққа» сүйеніп, іске асырылады.
Бұл принцип төмендегідей әдістемелік ережелерді сақтауды талап етеді:
Балалардың бұрыннан білетін сөздерін тәртіпке келтіру (мұнда грамматика басты орын алады); оқушылар өздеріне белгісіз, грамматикалық құбылыстарды бұрыннан таныс құбылыстармен салыстыра алатындай дидактикалық материал іріктеу; тілдік фактілерді жинақтауға негізделген әдістерді кеңінен пайдалану.
Үшінші заңдылық
Үшінші заңдылық. Фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналармен қатар мәнерлеп сөйлеу, сезімге бөлене сөйлеуді меңгеру.
Мұндағы әдістемелік принцип: мәнерлеп сөйлеуге назар аудару.
Бұл принципті іске асыруда мына сияқты ережелер сақталады:
Тілдің фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналарын үйрену барысында сезімге бөлене, мәнерлеп сөйлеудің жолдарын түсіндіріп отыру; әдебиеттік оқу мен қазақ тілі сабақтарын міндетті түрде байланыстырып отыру; көркем мәтіндердің тілдерін талдағанда сезімге әсер ететін бөліктерін таңдап алу.
Төртінші заңдылық
Төртінші заңдылық. Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуді таңбалау жүйесіне аудару ретінде (дыбыстық таңбаға көшіру) ұғынылады.
Сауат ашу кезеңінде баланы жазуға үйретудің бастапқы шағында әуелі оған таныс емес әріптің бұрыннан таныс, естіп жүрген дыбысы айтылады. Мұнда тағы бір маңызды мәселе – ауызша сөйлеудің жазбаша сөйлеумен салыстырылып тұруы. Мысалы, тыныс белгілерін қоюда дауыс ырғағының рөлі.
Сонымен, ана тілін оқытуда жазбаша сөйлеудің ауызшамен салыстырылуы мынадай әдістемелік ұстанымға негізделеді.
Бұл ұстаным төмендегі ережелерді сақтағанда іске асады:
Ауызша сөздегі дыбыстар мен жазғандағы әріптерді салыстырып отыру; дауыс ырғағы мен тыныс белгісін салыстырып отыру; ауызша және жазбаша жаттығуларды ұштастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет