Бейнелі ойлаудың интегралды көрсеткіші –А, біріктіретін дәлдік –В және тестті орындау уақыты-Т.
Мына формула арқылы орындалады: А꞊В+Т
Айвозовский әдісі
Айвозовский әдісі
Көру арқылы есте сақтау қабілетін жаттықтыру әдісі. Адамға, суретке немесе бір нәрсеге 3 минут қарап тұрып, оның әрбір бөлшегін есте сақтауға тырысыңыз. Сонан соң көзіңізді жұмып заттың, бейненің айқындығына қол жеткізуге тырысыңыз. Ойша түзетулер керек.
Фигураларды тану немесе есте сақтау қабілетін қалай тексеруге болады?
Мақсаты: балалар мен үлкендердің қабылдауы мен таным қабілетін зерттеу.
Суреттеу: Зерттеуші зерттелінушіге 9 фигура берілген кестені ұсынады. Ол 10 секунд ішінде фигуралары толық қарап, оны есте сақтап қалулары керек.
Содан кейін екінші кестені ұсынады, ол кесте біріншіге қарағанда көбірек фигуралар берілген. Осы кестеден бірінші берілген 9 фигураны табу қажет.
Әдістеме баланың кеңістікте бағдар таба білуін зерттеуге арналған. Әдістеменің көмегімен зейін қойып тыңдап ересек адамның сілтеуін дұрыс орындауға, сызықтың берілген бағытын дұрыс тауып, ересек адамның нұсқауымен баланың өз бетімен әрекет ете білуін анықтауға болады. Әдістемені жүргізу үшін балаға торкөзді 1 парақ бетше беріледі. Парақшада бірінің үстінде бірі тұрған 4 нүкте салынған. Алдын ала балаға мынадай түсінік беріледі: «Қазір біз әртүрлі өрнектер сызамыз. Өрнегіміз әдемі және ұқыпты болу үшін тырысып бағуымыз керек. Ол үшін мені мұқият тыңдау керексіздер. Мен торкөзге қанша және қай бағытқа сызықты жүргізу керек екенін айтып отырамын. Тек мен айтқан сызықты ғана сызасыздар. Келесі сызықты карандаштарыңды қағаздан айырмай алдыңғы сызық біткен жерден бастап сызасыңдар».
Осыдан кейін психолог баламен бірге оның оң қолы немесе сол қолы қай жағында екенін анықтайды. Сызықты қалай оңға немесе солға жүргізуге болатынын үлгіде көрсетеді. Сосын жаттығу өрнегін салуды бастайды.