3-Бала: Көктем күні күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп.
Бәйшешектер дүркіреп,
Шыға келді қыр түлеп.
4-Бала: Көбелектер келбеңдеп,
Ебелектер елбеңдеп,
Қаз үйректер кердеңдеп,
Ұшып жатыр көлден кеп.
5-Бала: Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы жыр аңыз.
Қызып дулы мереке,
Қызық думан құрамыз.
6-Бала: Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салайық балалар,
Би билейік бәріміз.
Ендігі кезекті биге берейік. Дөңгеленіп би билейік.
Ауылдың үлкендері келіп қалды тарайық, балалар тарайық.
Сахнадан шығып кетеді.
Бастаңғы Наурызға қатыстылығы әбден көмескіленген қазақы бір ғұрып бар. Ол –«Бастаңғы». Бұл ғұрып кәзірде елдің әр жерінде түрліше ұғылады: біреулері жастардың ересектерден, ал енді бір өңірлерде қыз-келіншектердің оңаша отырысы. Алайда, бұлар – қазақыланған Бастаңғының жұрнақ нұсқасы ғана. Оның түпкі сыры «Бастаңғы» сөзінің өзінде бүгулі. Қалай болғанда да, бұл әлдебір топтың оңаша отырыс жасап, мейрамдау көрінісі болып табылады, алайда, «бас» пен «таңғы» сөз тіркесінен құралған бұл отырыс әуел баста «оңашалықтан» гөрі жылдағы Бас таңды қарсы алудан туындаған жоралғы болуы керек.Шамасы, бұл Наурыз таңын қарсы алуға арналған жастардың ежелгі отырыстарының бүгінде «оңаша отырмаққа» айналған түрі болуы керек.
Жоғарыда сөз болған «Алтыбақан» ғұрпы осы «Бастаңғы» жоралғысының бір құрамтасы болған. Оның үстіне, бойжеткендердің ержеткендерге арнап әзірлейтін «Ұйқыашар» дастарханы мен жігіттердің ғашықтарына сыйлайтын «Селтеткізері» де осы отырыстың сәнін келтіре түсетін, бүгінгі «сюрприз» дәстүріне айналған салттың егжейлері (деталь) болғаны.