Бастаѕєы — ќазаќ жастарыныѕ дјстїрлі сауыќтарыныѕ бірі



бет2/3
Дата27.03.2023
өлшемі171 Kb.
#76644
1   2   3
Байланысты:
«Баста ы» т рбие шарасы

Мақсаты: Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Бастаңғы салт-дәстүріміздің ерекшелігін білу, ұлттық салт-дәстүріне сүйіспеншілігін арттыру. Бастаңғы көрінісін сахналау. Қазақтың әдет-ғұрпын, тіліміз бен дінімізді құрметтеу, балаларды имандылыққа тәрбиелеу. Инабаттылық, ізеттілікқасиеттер қалыптастыру.
І-жүргізуші: Жиналдық бастаңғыға баршамыз да.
Үлкен кіші жасымыз кәрімізде.
Енді ортаны ашайық,
Ән мен күйді шалқытып,
Інжу-маржан шашайық.
Жиналған халық таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық.


«Бастаңғы көрінісі»
ІІ-жүргізуші: Кіріспе халық арасында кең тараған ойын-сауық, әдет-ғұрыптың бірі- «Бастаңғы».
«Бастаңғы» ауылдағы үлкендер жолаушылап кеткен кезінде, не ойын-тойға, асқа кеткен кездерінде ауылдағы жастардың бірігіп, бір үйде бас қосып ойнайтын, көңіл көтеретін дәстүрдің бір түрі. Үлкендер жоқ кезде жастар шаруашылыққа өздері ие болып, барлық шаруаны өздері жүргізеді. Кеш түсе бір үйге жиылады да ойын басталады.
І-бөлім. Сахнада ауыл көрінісі бейнеленген. Әдемі плакаттар ілінген. Әркім өз
шаруасымен жұмыс жасап жүреді. Бір қыз бұлаққа суға бара жатып дос қызына кездеседі.

        • Қайда барасың ?

        • Бұлақтан су алып бара жатырмын.

        • Үлкендер қайда?

        • Көрші ауылға тойға кетті.

        • Әне Мөлдір жүр, Мөлдір бері кел. (Мөлдір келеді)

        • Жеңешелерің қайда?

        • Әзбергеннің үйіне тойға кетті.

        • Онда біздің үйге жиналайық. Үлкендер жоқ «Бастаңғы» жасайық. Данияр, Баби, Сапарғали бері келіңдер. Бастаңғы жасаймыз. (бәрі тарап кетті)

ІІ-бөлім. Үй іші әсем безендірілген. Ұлттық бұйымдар. Киіз үй көрінісі. Ортада дөңгелек үстел. Әдемі құрақ көрпелер төселген. Үй ішіне жиналған балалар.

  • Жинақталып отырайық. Бастаңғыны әнмен бастайық.

  • Жақында мамаларыңыздың мерекесі болды ғой. Аналарымызға арнап ән айтайық.

  • Ой шеттеріңнен әнші екенсіңдер ғой. Бастаңғыға қандай дәм әкелдіңдер?

  • Таңға жақын біздің түйе туып еді, мен уыз алып келдім.

  • Мен тәтті бауырсақ әкелдім.

  • Көкем базардан конфет алып келіп еді. Мен мол конфеттен әкелдім.

  • Әжемнің қарынға тыққан сары майынан әкелдім.

  • Балалар қараңдаршы дастархан ұлттық тағамға толды. Келіңдер, дәм татайық.

  • Уыздың дәмін-ай!

  • Балалар бастаңғыға әкелген өнерлеріңізді көрсетейік.



1-Бала: Толмайды той шашумен әріптесім,
Болмайды тойханада нарық шешім.
Намысты жібермейді біздің бақша,
Табысты сенбегендер барып көрсін.
2-Бала: Гүлдерай жасымыз бір бойымызда,
Бабиден асат біздің ойымызда.
Әсемнің әнін айтып тірлігін айт,
Әкелдің қандай шашу Бастаңғыға.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет