Ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
Міндеттері:
Қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану;
Оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі нысандарын саралап, даралап оқытуды қолдана отырып, оушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Дарынды, үлгермеуші оқушыларлармен жұмыс істеудің тиімді жолдарын іздестіру
Өзара тәжірибе алмасу жұмыстары:
Пән мұғалімдері тәжірибе алмасу мақсатымен өзара сабақтарға, пәндер онкүндігінде «Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» тақырыбында ашық сабақтарға қатысты.Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыра отырып, білімдегі олқылықтарды жоюдың тиімді тәсілдерін көрсету мақсатында тәжірибелі мұғалімдер мен тәлімгерлер бір- бірінің сабақтарына қатысты.
04.02.22 ж. 1-сыныптың мұғалімдері: Ашимова А, Ақбаева С, Несіпбаева Э, Ньязбаева А, Ануарбек І, Толегенова К «Бастауыш сыныпта сабақты жоспарлау әдістемелік күн» атты қалалық вебинарға қатысты.
17.02.2022ж. 4-сыныптың мұғалімдері: Туганбаева Р, Дутбаева Л, Кумарбаева А, Жаканова Ж, Нусупова А Тәжірибелік алаң «Олқылықтарды жою және оның орнын толтыру» атты қалалық вебинарға қатысты.