Батыр елдің сәулеті (өлкенің батырлары туралы)


Шыңғара батыр  (т.ө.ж белгісіз)



Pdf көрінісі
бет24/43
Дата06.01.2022
өлшемі2,45 Mb.
#14421
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43
Шыңғара батыр  (т.ө.ж белгісіз) 
 
Адамзаттың баласы, 
Атадан алтау тумас па? 
Атадан алтау туғанмен, 
Бірі арыстан болмас па? 
 
Шалкиіз жырау 
 
Атақты  Аңырақай  шайқасынан  бұрын  және  кейін  өмір  сүрген: 
Бораншы,  Шалданбай,  Қырқынбай,  Есқара  мен  Сегізбай,  Шоқан  мен 
Шыңғара,  Қожақ  батырлардың  көк  тәңірді  пір  тұтып,  туған  жер  атамекенін 
жоңғарлардан қорғау жолында көрсеткен ерліктері ел аузында әлі күнге дейін 
айтылады.  Сондай  елім  деп  еңіреген  ерлердің  бірі  Шыңғара  батыр. Ол  Шоқан 
батырмен  замандас,  қатар  өмір  сүрген.  Жорықтарға  бірге  аттанып,  талай 
жеңістерге  бірге  жеткен.  Шежіре  бойынша  Шыңғара  Байтана  батырдың 
алтыншы  баласы  Дүйсенбіден  тарайды.  Дүйсенбіден  төрт  бала:  Сәдібек, 
Жәнібек, Шыңғара, Барлыбай. 
Шыңғара  батырдың  ерлігі  туралы  бірлі  жарым  айтылатын  ауызекі 
әңгімелер  болмаса  ешқандай  дерек  сақталмаған.  Алайда  Садыбай  -  Байтана 
кітабында  Тұрсынбай  Сексенбаевтың  «Бабалардың  ісі  -  үлгі,  сөзі  өнеге»  атты 
естелігінде мынандай шағын дерек келтіріледі: 
«...Бірде  Шоқан  батырлар  Берікқара  деген  жерде  (Кіші  Қаратаудың 
Билікөл тұсындағы таудың қойнауы) отырғанда, Шоқан ауылда болмай  Созақ 
жаққа кеткенін  білген  жау ауылды шабады. Елді шауып, малды айдап  кеткенін 
шапқыншылар Шоқанға хабарлайды... Шоқан жауды  «Қандым»  асуында  қуып 
жетеді.  Сонша  жаумен  жалғыз  алысып  жүрген  бір  кісіні  көреді.  Зер  салып 
қараса  Шыңғара  екен.  Елге  жау  тиіп,  малды  айдап  кеткенде,  үйірден  бір 
айғырды  ерттеп  мініп,  қолына  айыр  бақан  ала  салып  жауға  тиген  екен.  Осы 
ерліктен кейін Шоқан Шыңғараның басына үй тігіп, алдына мал салып берген 
екен.»  Құлағында  қалтасы  бар  кариялардың  айтуынша  Шыңғара  ұрпағынан 
Ақкісі, Сазан деген батырлар шыққан деседі. 
Сазан  батырдың  қылышы  Жуалы  ауданының  «Дихан»  бөлімшесіндегі 
ұрпақтарында  сақтаулы  тұр.  Шыңғара  батырдың  ұрпақтары  Қайрат,  Дихан 
ауылдарында тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет