Батыр елдің сәулеті (өлкенің батырлары туралы)



Pdf көрінісі
бет2/43
Дата06.01.2022
өлшемі2,45 Mb.
#14421
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
 
 
КБЖ 63.3 (5каз) 
 
 
Баспаға М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғылыми-
әдістемелік  кеңесінің  шешімі  бойынша  ұсынылған  (хаттама  №4,  26  желтоқсан 
2017 ж.).  
 
ISBN 9965-527-84-9 
 
 
 
 
 
 
 
 
© Байдалиев Д.Д., 2018.  
© М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, 2018.  


 

Кіріспе 
 
Зерттеліп, жазылған тарих кітабы жоқ халық болуы мүмкін, ал тарихсыз 
халық болуы мүмкін емес. Демек ол, тарихсыз халық жоқ, ал  халықсыз тарих 
жоқ деген сөз. 
Егемендік  тізгінін  өз  қолына  алған  қазақ  елінде  ұлттық  сана  сезімнің 
оянуы  әсіресе  соңғы  кезде  айқын  байқалуда.  Отаршылдық,  сондай  -  ақ 
империялық  әміршіл  жүйе  кезіндегі  тарихымыздың  қақпағы  қайта  ашылып, 
қазақ елі өзінің тарихи тамырларын ыждағатпен қайта тірілте бастады. Соның 
нәтижесінде  айбарлы  хандарымыз,  дана  билеріміз,  ел  қорғаны  болған 
батырларымыз, жоталы жырауларымыз ұлттық тарихымыздан өз орнын алды. 
Мың  өліп,  мың  тірілген  қазақ  елінің  тарихы  ерлікпен,  батырлықпен, 
қаһармандықпен жазылғаны даусыз. «Өсер ел тарихын таспен жазады, өшер ел 
тарихын жаспен жазады» дейді дана халқымыз. Әрине, осынау кең байтақ қазақ 
жерін  найзаның  ұшымен,  білектің  күшімен  қорғап  қалып,  бізге  мұра  етіп 
қалдырған  батыр  ата  -  бабаларымыз  екені  даусыз.  Олардың  арасында  есімдері 
алты алашқа, бүкіл қазақ еліне, ең бергісі ұлан байтақ бір аймаққа белгілі, жауға 
қарсы  күресте  ұйытқы  болған  батыр  бабаларымыздың  өнегелі  істерін 
жұртшылыққа жеткізу, оларға тарих төрінен орын беру- қазіргі ұрпақ парызы.   
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты 
стратегиялық  мақаласында:  «Біздің  бабаларымыз  ғасырлар  бойы  ұшқан  құстың 
қанаты  талып,  жүгірген  аңның  тұяғы  тозатын  ұлан-ғайыр  аумақты  ғана 
қорғаған  жоқ.  Олар  ұлттың  болашағын,  келер  ұрпағын,  бізді  қорғады.  Сан 
тараптан  сұқтанған  жат  жұртқа  Атамекеннің  қарыс  қадамын  да  бермей, 
ұрпағына мирас етті. ...Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, 
есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ 
біліп  өсуге  тиіс»  -  деп  атап  көрсеткен  болатын.  (Елбасы  Назарбаев  Н.Ә. 
Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру //Егемен Қазақстан. 26.04.2017) 
Айбынды батырларымыздың әруағы, ұлтжандылық касиеттері, өнегелері 
жас ұрпақтың Отансүйгіштік сезімін оятуға, ой  - өрісін кеңейтуге ықпал ететіні 
сөзсіз.  Жан  алысып,  жан  беріскен  небір  қантөгіс  шайқастарда  қаймықпай  қол 
бастаған  батыр  бабаларымыздың  ұлағатты  өмірінен  тәрбие  алып,  оларды 
қастерлей білуіміз қажет. 
Біз-қазақ  деген,  тіріден  дана  тапппасақ  та  өліні  әулие  тұтқан,  тіріге 
қыймаған қадір мен қасиетті әруақтардан іздейтін жұртпыз. 
Қазақстанның  басқа  аймақтары  сияқты  Жуалы  өңірінің  де  Қойгелді, 
Қарабатыр,  Рысбек,  Жомарт,  Сеңкібай,  Құлан,  Ақпан,  Байтана,  Садыбай, 
Шоқан  т.с.с  басқа  да  қазақ  елінің  тәуелсіздігі  мен  оның  жерінің  тұтастығын 
жанкештілікпен  қорғаған  батырларының  болғандығы  тарихтан  мәлім. 
Олардың  есімдері  тек  қана  аудан,  облыс  көлемінде  ғана  белгілі  болып 
қалмай, бүкіл елімізге таныстырылып дәріптелуі тиіс. 
Өз  заманында,  одан  бергі  ондаған  жүздеген  жылдар, ғасырларда қазақ  елі 
мен  жерін  күңіренген  қасірет  пен  қаһармандықтың  мәңгілік  ізі  қалған  осынау 
Жуалы  өлкесі  де  талай  тарихи  оқиғаларды  бастан  кешірген.  Оған  ұрпағын 
жалғап қалған ел, ұлы көштің ізін сақтап қалған Жуалы жері куә. Сол замандар 


 

сырын тыңдап, дүние тәлімін тануды мұрат тұтқан өрелі ұрпаққа, мың жардан 
хабар беріп, мұраға қалған ата тарихымыздың мәңгі бақилық ұлы тарихы жатыр. 
Енді сол тарихқа кезек берсек. 
XVIII ғасырдағы ауызекі тарихи дәстүр түрлерінің бірі - сол кездегі әйгілі 
жыраулар айтқан қазақ толғаулары болып табылады. Бұл жырлар мен толғаулар 
қазіргі  тарих  ғылымына  кең  көлемде  деректемелер  береді.Мысалы: 
Ш.Уалихановтың  «Абылай  туралы  жыр»,  Көкбай  жазған  «Сабалақ», 
Олжабай  Нұралыұлының  «Сабалақ  -  Абылай  хан»  дастандары,  батырлар 
жыры циклындағы «Бөгенбай батыр», «Ер Жәнібек», «Қабанбай батыр», «Төле 
би  мен  Қойгелді  батыр»  жырлары  тарихи  оқиғалардан  мәлімет  береді.  Оған 
дәлел  Бұхар  жыраудың  «Қабанбай  батыр»  дастанына  сүйенсек,  мыңдықтан 
жасақ  құрған  ұзын  саны  29  сарбаздың,  батырлардың  рулары  мен  есімдері 
аталады. Олар: 1. Қара керей Қабанбай, 2. Қанжығалы Бөгенбай, 3. Көк жарлы 
көкжал Барақ, 4.Шаңышқылы Бердіқожа, 5. Керей Жанатай, 6. Тоғас Қосай, 7. 
Тума Шағалақ, 8. Мұрын Боранбай, 9.  Үйсін Саршуаш, 10. Қыпшақ Есім хан, 
11. Қыржы Бостан, 12. Тарақты Баймұрат, 13. Тоқпақ Қосабай, 14. Матай батыр, 
15.  Шынқожа,  16.Жаныс-Шойбек  Сеңкібай,  17.  Қаңлы  Құлан,  18.  Сіргелі 
Елшібек,  19.  Қаратай,  20.  Ысты  Төлек, 21. Сиқымнан  - Шінетұлы Рысбек, 22. 
Ботбай  Сәмен,  23.  Шымыр  Қойгелді,  24.  Қоңырат  Төлебай,  Болат.  25. 
Рамадан  Алшынбай,  26.  Қарақалпақ  Құлашбек,  27.  Жаныс  Өтеген,  28. 
Шапырашты  Наурызбай  батырларды  білеміз.  Бұл  қазақ  мыңдықтарын 
басқарған батырлардың  есімдері рулық, жүздік деңгейден асып, жалпы ұлттық 
межеге көтерілгенін аңғарамыз. Олардың даңқы бір ғана Аңырақай шайқасында 
емес,  басқыншы  жаудан  қазақ  жерін  толық  азат  еткенше  есімдері  ұлы  далаға 
аңыз болып, ұранға айналған.  
XVII ғасырдың 80 жылдарынан бастап жоңғар тайшылары Жетісудағы, Шу 
мен  Талас  өзендері  бойындағы  казақ  қоныстарын  қолда  ұстап  тұрғанымен 
нақты  билік  етуге  қол  жеткізе  алған  жоқ  еді.  1699  жылы  жасаған  жоңғар 
шапқыншылығының  жорығына  Жетісу  ғана  емес  Шу  мен  Талас  өзендерінің 
алқабындағы қазақтар тойтарыс берді. Оған Тәуке ханның мықты  билігі ықпал 
етті. Жоңғарлармен қақтығыстарға қазақ жасақтары жауап ретінде 1702 - 1703 
жылдары Жоңғария мен Еділ қалмақтарына шабуыл ұйымдастырды. 1708 жылы 
қазақ жасақтары жоңғарлардың қайта басып кіруіне тойтарыс берді. 1709 - 1712 
жылдарғы соғыста екі жақ та алма кезек табыстарға жетіп отырды. 
Сарыарқаның аумағындағы Қарақұм деген жерде 1710  жылдың күзінде  үш 
жүздін  билері  мен  батырларының  басын  қосқан  құрылтай  өтті.  Онда  Жоңғар 
хандығына  бірігіп  тойтарыс  беру  мәселесі  қаралғандығы  тарихтан  белгілі. 
Қарақұмдағы халық құрылтайына қатысқан түрлі өкілдердің пікірлері бір жерден 
шықпай  соңы  дауға  ұласты.  Осы  кезде  ақсақалдар  алдына  шыққан  Бөгенбай 
батыр  жейдесін  жыртып  жіберіп,  кеудесін  жалаңаштап:  «Таланған  көштің, 
тұтқындалған бала - шағаның бейшара  бақылаушысы болып отырман. Жаудан 
кек  аламыз,  өлсек,  қару  ұстап  өлеміз!  Қыпшақ  даласының  сарбаздарының 
жалтарған  кезі  болды  ма?!  Мен  қолымды  жау  қанына  малғанда,  сақалымды 
қырау шалған жоқ болатын! Жаудың зұлымдығына шыдап отыра алман! - деген 
сөзінен  кейін  құрылтайға  қатысушылардың  барлығы  Бөгенбайдың  ұранынан 


 

айнымауға ант берген еді. (Қазақ тарихы ІІІ том. Алматы:Атамұра, 2002, 214б) 
Тарихшы  Н.М.Маев:  «Қарақұмдағы  халық  құрылтайында  әйгілі  батыр 
Бөгенбай  өз  отандастарын  бірсыпыра  уақытқа  жігерлендіре  білді,  сөйтіп 
оларды  бастап,  қалмақтарды  талқандады»  деп  көрсетті.  «Очерки  истории 
киргизского  народа»  (с  1732  по  1868  год  СПБ,1873,  41б  б)  атты  еңбегінде.  Сол 
жердеБөгенбай  батыр  қазақтардың  жетекшісі  болып  сайланып,  хан  билігі 
Әбілқайырға берілген еді. 
1713  жылы  жоңғар  жасақтары  шабуыл  қимылдарын  жаңадан  өрістетті, 
1717  жылы  соғыс  қимылдарының  шоғырланған  жері  Аягөз  өзенінің  бойы 
болды.  1718  жылдың  көктемінде  жоңғарлар  Жетісудан  Арыс,  Бөген,  Шаян 
өзендері  бойына  жорық  жасап  Түркістанға  бет  алды.  Қазақ  халықтарының 
бытыраңқылығын  пайдаланып  жоңғар  билеушілері  1723  жылы  өз  әскерлерін 
Қазақстан  жеріне  аттандырды.  Жетісу  мен  Ертіс  өңірінің  қазақтары  бірінші 
болып  жау  табанына  түсті.  Ол  жылдар  халық  жадында  -  қасіреті  жылдар 
ретінде  сақталып,  «Ақтабан  шұбыранды,  Алқакөл  сұлама»  деп  аталды;  1723 
жылы  наурыз  айының  соңында,  жоңғарлар  ірі  -  ірі  жеті  топпен  қозғалып,  70 
мыңнан  асатын  қалың  қолмен  шабуыл  жасады.  Қыс  жұтынан  әбден  қажыған 
қазақ  қауымдары  күшті  қарсылық  көрсете  алмады.  Қаратауда,  Арыс  өзені 
алабында жоңғарлар ойран салды. Қазақ рулары Сырдария жаққа қашып, бас 
сауғалады.  Сол  кездегі  жоңғарлар  мен  қазақ  иеліктерінің  арасындағы  шекара 
Ұлытау, Балқаш көлі мен Шу, Талас өзендері арасындағы өңір болды. 
1723 - 1725 жылдардағы жоңғар шапқыншылығынан қырғыздар, өзбектер, 
қарақалпақтар да көп зардап шекті. 
Сөйтіп, халықтың қырып - жойылуына жол бермеу үшін, енді сұлтандар 
мен  рубасыларынан  үмітін  үзген  халық  өзін  -  өзі  құтқаруға  кірісті.  1723 
жылғы  жеңіліс  қазақ  халқының  еркі  менрухын  жасыта  алмады.  1724  жылдың 
өзінде – ақ қазақтар Әбілқайырдың басшылығымен алғашқы жеңістерге жетті, ал 
1725 жылы басқыншыларға алғаш рет тойтарыс берілді. 
Жоңғарлардың  қазақ  жерінің  Отырар,  Шымкент,  Түркістан,  Сайрам 
аймағынан  қуып  шығу  кезінде  қазақ  жасақтары  қаһармандық  пен  
жанқиярлық  ерліктер  көрсете  білді.  Қаратаудағы  Теректі  алқабында 
Боралдай  саласы  бойында,  Садырқамал  деген  жерде  (Бұл  аталғандар  Жуалы 
ауданының  Қошқарата  аймағындағы  жерлер)  қалмақтардың  қолын 
Үлкентұра  тауына  қуып  тығып,  тас  талқан  етті.  1725  жылы  Шұбаркөл 
аймағында Шақшақұлы Жәнібектің басшылығымен жоңғарларға күйрете соққы 
берілді.  1726  жылы  Ордабасыда  басқыншы  жауға  бүкілхалықтық  тойтарыс 
беруді  ұйымдастыру  туралы  құрылтай  болды.  Онда  Әбілқайыр  қазақ 
жасағының қолбасшысы болып сайланды. 
Қазақ  қоғамының  жігерленген  рухы  Ордабасыдағы  құрылтай  соң 
жалпыға  бірдей  бірлікке  қол  жеткізді.  Отан  соғысында  күрт  бетбұрыс 
жасады.  Сырдарияның  төменгі  ағысы,  Арыс  өзенінің  аңғары,  Қаратау 
сілемдері,  Талас  өзенінің  бойы,  Мұғалжар  тауларының  бір  бөлігі  жаудан  азат 
етілді.  Бұланты  шайқасы  қазақ  жасақтарының  жеңіске  деген  зор  ерлік  жігерін 
көрсетті. Онан соң 1729 жыгы Аңырақай шайқасындағы қазақтардың ірі жеңісі 
шешуші роль атқарды. Ұрыс қимылдары болған 200 шақырымдай  жерді алып 


 

жатқан алқаптағы бұл соғысты ғасыр шайқасы деп атауға болады. 
Қаратаудың,  Ұлытаудың,  Сарыарқа  мен  Жетісу  жерлерін  азат  ету 
оқиғалары  халықтың  тарихи  жадында  мәңгілікке  жазылды.  Жуалы  жеріндегі 
Ақтасты,  Шаңлақты  және  одан  тыс  Бұланты,  Аңырақай  шайқастары  қазақ 
халқының тарихи қаһармандық символына айналды. 
Тартысты тарихи оқиғаларға толы ХVIII ғасырдың 40 шы жылдары қазақ 
-  ойрат  текетіресінің,  кескілескен  кезеңінен,  ымырасыз  екі  тұлғаның  (1745 
жылы  Қалдан  Сереннің,  1748  жылы  Әбілқайырдың)  өлуімен  аяқталды.  Соған 
байланысты  ойрат  хандығында  билік  үшін  күрес  басталып,  қазақ  хандығында 
хан  билігінің  әлсіреу  кезеңі  туып,  Қазақстанды  орыс  -  казактардың  ашық 
әскери отарлауы үшін негізін ұлғайтты. 
Ұзаққа  созылған  жоңғар  -  қазақ  соғысының  ең  соңғы  кезеңі  қазақ 
халқының жадында «шаңды жорық» деген атпен қалды.    
XVII  ғасырдың  орта  шенінде  Еділде  пайда  болған  Қалмақ  хандығы  бір 
жарым  ғасыр  бойы  жаулық  саясат  жүргізді,  XVIII  ғасырдың  ортасында 
Жоңғарияны  Цин  империясы  біржола  талқандадады.  Осы  кезде  халықтың 
санасында  туған  Жоңғариясына  қайта  оралу  туралы  арман  ұялап,  ақырында 
1771  жылы  ұлы  көш  басталып  кетті.  Жол  -  жөнекей  қалмақтар  үлкен 
қырғынға  ұшырады,  жеңісті  шайқастардың  өзі  де  қазақ  халқына  сансыз  көп 
қасірет  әкелді.  Онан  кейін  XVIII  ғасырдың  80  ші  жылдары  -  XIX  ғасырдың 
басы Оңтүстік Қазақстанның қазақтары Ташкент иелігінің құрамында болды, Ал 
XIX ғасырдың 10-20 жылдары Қоқан мен Хиуа хандықтарына қарсы Оңтүстік 
қазақтарының азаттық күрестері жүргізілді. 
Қоқандықтар  үстемдік  еткен  дәуірді  шартты  түрде  екі  кезеңге  бөлуге 
болады.  Біріншісі  жаулап  алудың  басталуынан  1810  -  1840  жылдардың 
басына  дейінгі  уақытты  қамтиды,  екінші  кезең  1865  жылғы  саяси  - 
әлеуметтік  дағдарыс  кезеңіне  аяқ  басуымен  басталып  Ташкентті  орыс 
әскерлерінің  алуымен,  осы  аймақтың  Ресей  империясының  билігіне 
көшуімен аяқталады. 
Қазақтар қоқандықтарға карсы жиі - жиі көтеріліске шығып отырды, алайда 
іс - қимылдарының үйлесімсіздігі, бірлік болмауы, мылтық және артиллериямен 
қаруланған  қоқандықтардың,  әскери  басымдықтарынан  көтерілістердің 
сәтсіздікке ұшырауына себеп болды. 
Содан  кейінгі  кезеңде,  яғни  XIX  ғасырдың,  екінші  ширегінде 
Қазақстанда Ресей әкімшілік саяси жүйесінің енгізілуіне байланысты 1820 -1840 
жылдар  аралығында  қазақтардың  отаршылдық  үстемдікке  қарсы  ұлт  -азаттық 
күресі жүргізілді. Тарихтан белгілі Саржан сұлтан бастаған 1825 -1836 жылғы, 
Исатай  мен  Махамбет  бастаған  1833  -  1836  жылғы,  Кенесары  Қасымұлы 
бастаған 1837 - 1847 жылдарғы халық азаттық көтерілістері осының айғағы. 
Онан  кейінгі  XIX  ғасырдың  1850  -  1860  жылдардағы  оңтүстік 
Қазақстанды  орыстардың  жаулап  алуы  сияқты  оқиғалар  оған  қатынасушы 
тұлғалармен бірге қазақ тарихының беттеріне жазылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет