Батырмалы ортадан тепкіш элетросорапты қолданумен жабдықты таңдап алу және өндіру ұңғымаларының оптималдық технологиялық жұмысын таңдау



бет2/3
Дата06.01.2022
өлшемі108,97 Kb.
#13117
1   2   3
Байланысты:
Курсач

1.Мұнайды өндіру технологиясы

1.1 Мұнай өндіру тәсілдері


Қазақстанда мұнайды өндіру газлифтілі және сорғышты агрегаттармен ығыстыру әдісі арқылы жүргізіледі.Мұнай өзін-өзі коллектордан итермейді.Керісінше ол өзін ұңғымаға кеуекті қабаттан қандай да бір агенттін көмегімен ығыстырылып шығарылуы тиіс. Әдетте агент ретінде газ,суды қолданады,көбінесе біреуі немесе екеуі де коллекторға жақын орналасады немесе ішінде болады.

Еріген газ режимінде мұнай мұнайдағы еріген газ бөліну әсерінен ығыстырылады.Бұл өндіру нәтижесіндегі қабаттағы қысым төмендеу әсерінен болады.Қазіргі түсінік бойыншы мұндай әрекет тиімсіз,өйткені барлық коллекторларларда азаю бір мезгілде жүреді.

Газ арынды режимде ығыстыру кезінде әрекет ететін фактор-бастапқы кезден мұнайлы қабат ауданында болатын бос газ шапкасы.Осындай механизмде қысымның төмендеуі газ шапкасының ұлғаюына әкеледі.Газ шапкасының терең ұлғаюы және мұнайлы қабат зонасының төменгі құрылымына өтуі,мұнайды қысым төмендеген аймақтарға бағыттап, өндіретін ұңғыларға қарай ығыстырады.

Суанрынды режимнен ығыстыру кезінде су көршілес сулы қабаттардан мұнайлы коллектордың бөліміне өтеді.Қысымды төмендеткенде су қысым төмен жағына қарай ағады,мұнайлы қабатқа сіңіп, кеуекті жыныстан мұнайды ығыстырады және өзімен бірге ұңғымаға қарай итеріп шығарады.

Еріген газға қарағанда газды шапканың және судың әрекеті тиімді,оның үстіне су көбінесе тиімдірек болып есептеледі.Бірақ ,табиғи факторларды толықтырып отыру керек және максималды тиімді мұнай бергіштікті алу үшін жақсарту керек.

Мұнай өндіру механизмдерінің әрқайсысында процесске қосымша ауырлық күші әсер етеді, және егер орын ауыстыру тік бағытта болса оны есепке алу керек.

Нақты жағдайларда ауырлық күші бастапқы әсер етуші фактор болып табылуы мүмкін.Өйткені мұнай судан жеңіл, ол ығыстырып жатқан сумен орын ауыстыра алады, ал ол мұнай бергіштікті арттырады.

Орын ауыстыру мүмкіндігін азайту үшін өндіру жылдамдығы жетерліктей төмен,бірнеше қисаю бұрышы және аз тұтқырлықты мұнайы бар жоғары өткізгіш қабаттар ауырлық күшінің негізгі рөлі көрінетін орта болып табылады.

Мұнай өндірудің негізгі 5 түрі бар:


  1. Фонтанды әдіспен пайдалану

  2. Газлифтілі немесе компрессорлы

  3. Штангілі терең сораппен пайдалану әдісі

  4. Батырмалы ортадан тепкіш электрлі сорап қондырғысы (БОТЭСҚ)

  5. Газды және газдыконденсатты

Ұңғымадан бір тәулік уақытта өндірілген сұйық мөлшерін өнім (дебит) деп атайды.

Жер астынан(қабаттан) мұнай мен сұйық (газ, су) өзінің табиғи энергиясымен , өз күштерімен жер бетіне шығуын фонтанды әдіспен пайдалану әдіс деп атайды.
Мұнай және газ ұңғымаларын фонтандық ,газлифтілік әдістермен пайдалану кезінде жер бетінде және ұңғыма түбіне түсірілетін құрал –жабдықтар қолданылады. Бұл жабдықтардың мақсаты: бекітілген тәртіпте керекті шығынды өндіру;ұңғымада өткізілетін технологиялық үрдістерді қоршаған аймақтың ластануын және ашық фонтандауын қамтамасыз етуі қажет.
Болаттан жасалған әр түрлі беріктіктер тобына бөлінген тігіссіз (бесшовный) құбырлар НКТ-СКҚ ретінде қолданылады.Олардың меншікті диаметрлері 28-ден114 мм –ге дейін , қалыңдығы 3-8 мм.
Меншікті диаметр ретінде құбырдың сыртқы диаметрінің мәнін алады. Жиі қолданылатын құбырлардың диаметрі 60немесе 73 мм ( ішкі диаметрі 50,3 және 62мм). Ұңғыма сағасын саңылаусыз мықтап бекіту және керекті технологиялық үрдісін жүргізу үшін, оның пайдалану тәртібін бақылау үшін фонтандық арматура арналған.Олар 7,14,21,35,70 және 105МПа қысыммен жұмыс істейді. Фонтандық арматура , фонтандық шырша және құбыр басынан тұрады. Олар тройникті және крестовинді болып екіге бөлінеді.
Қабаттан келетін немесе жер үстінен нығыздалып айдалынатын газ газлифтілі әдіспен пайдалану мерзімінде ұңғыма бөлігінің ағымына қосылып беріледі. Бұл кезде газ сұйық қоспаның тығыздығы кішірейіп, ұңғы түбіндегі қысым берілген өнім шығымын алуды және жинау пунктіне тасымалдауға жететіндей болады.

Газлифтілі пайдалану әдісі екі түрге бөлінеді: компрессорлы және компрессорсыз.



Бірінші жағдайда агент компрессорлы станцияларда сығылып (нығыздалып) дайындалады. Ал екінші жағдайда компрессорсыз агент ретінде кен орнының газы табиғи қысыммен беріледі.Компрессорсыз газлифтілі әдіске ұңғыма ішіндегі газлифті әдісі жатады.Бұл әдісте мұнайды көтеру үшін ұңғының тесіп ашқан газды қабаттың газ энергиясы қолданылады. Газлифтілі пайдалану әдісіне үздіксіз және мезгіл-мезгіл пайдалану тәртіптері жатады. Мезгіл-мезгіл пайдалану тәртібінде ұңғыма бір мезгіл тоқтатылады, бұл уақыттың арасында сұйық көтергіште жиналғаннан кейін ұңғыға қысымммен агент беріліп , жер бетіне мезгіл-мезгіл үрленіп шығарылады

Газлифтілі көтергіштің жұмыс сүлбесі:

 

а - газ жіберудегі ұңғымадағы сұйықтың деңгейі



б - құбырлар алаңындағы мұнайдың НКТ-ң ең төменгі шетіне жетуі

в – газ-мұнай қоспасының шығуы

1 - НКТ

2 - пайдалану коллонасы

3 – тұрақты деңгей

4 – газ-мұнай қоспасы

5 – тұрақсыз (динамический) деңгей

Қабат энергиясының қысымы түсіп немесе ұңғыма өнімі суланып кетуіне байланысты пайдаланудың механизацияланған тәсілдеріне көшеді.Ол: газлифтілік немесе сораптық (насос) Ұңғыманы сораптық пайдалану кезінде тереңге түсірілетін батырмалы ортадан тепкіш электрлі сорап қондырғысы (БОТЭСҚ) және штангілі ұңғымалық сораптарда ( ШҰС) қолданылады.

Өндірілетін ұңғымалар көпшілігі (70-80%).ШҰС жабдықталған, олармен мұнайдың 62-65%өндіріледі. Ұңғыма өнімінің орташа суланғандары 71,3 % құрайды, яғни мұнайдың 1 тоннасына 2 тонна қабат суы келеді.

Минералданған қабат суларын қоршаған ортаның ластануын болдырмау және қысымды ұстап тұру үшін қайтадан қабатқа 3 тоннадай су айдайды.



Терең сорапты қондырғының құрылысы:



Жер бетінде орналасқандары:

8 – крестовин

9 – ұңғы бетіндегі шүмекше

10 – газды жіберетін кері клапон

11– тройник

12 – ұңғы бетідегі сальник

13– ұңғы бетіндегі шток

14 – арқанды асу

15 – тепе –теңдік басы (станок качалка) (СК)

16 – тепе- теңдік (СК)

17 – тіреу

18 – тепе-теңдіктің жүгі (СК)

19 – шатун

20 - кривошипті жүк

21 – кривошиптің өзі

22 – редуктор

23 – қозғағыш шкив

24 – ойыс- ременді байланыс

25 – электрлі қозғалтқыш бұрыштық шанада

26 – қозғалтқыш шкив

27 – рама

28 – басқару блогы



Жер астында орналасқандары:

1 – пайдалану құбыры

2 – соратын клапон

3 – цилиндрлі сорап

4 – плунжер

5 – айдау клапоны

6 – соратын компрессорлы құбыр (СКҚ)

7 – штангалі сор


Штангілі сорап қондырғысының жабдықтары:

Тербелмелі қондырғы (СК-станок качалка) электрлі қозғалтқыш білігінің айналмалы қозғалысынан штангінің плунжерімен жоғарлы- төмен қозғалысын тудыратын және сұйықты айдау үрдісіндегі күштерді қабылдайтын механизмдер болып табылады.Олар жүк көтергіштерімен жетектеуші конструкциясы бойынша теңгерілу түрі (роторлық немесе балансерлік ) мен штоктың жүріс ұзындығының және тербеліс саны бойынша ерекшеленеді.

Тербелмелі қондырғының шифрі:
1 СК 1,5 – 0,42 – 100

3 СК 3 – 0,75 – 400





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет