Батыс Қазақстан облысы Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі Жаратылыстану пәні бойынша



бет1/20
Дата17.11.2022
өлшемі11,22 Mb.
#50776
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20



Батыс Қазақстан облысы


Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі


Жаратылыстану пәні бойынша
жұмыс дәптері


3 сынып




Ақсуат – 2021 жыл
Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық білім бөлімі кеңесінде қаралып, аудан, облыс педагогтарына таратуға ұсынылды.
Хаттама №

Құрастырушылар:
Серік Балзия Жалғасқызы – Теректі ауданы Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебінің «Педагог - сарапшы» санатты бастауыш сынып мұғалімі
Ишаналиева Маншук Беккалиевна - Теректі ауданы Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебінің«Педагог - сарапшы» санатты бастауыш сынып мұғалімі
Рецензент: Г.М Избасарова – Теректі ауданы Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебінің «Педагог - зерттеуші» санатты биология пәнінің мұғалімі

Бұл әдістемелік құрал жаратылыстану пәнінен 3 - сыныптың жаңа буын оқулығы негізінде басты 8 тарау мен оның тақырыптары бойынша биологиялық диктанттар және тақырыптық тест сұрақтары мен, сурет салу, «ия ,жоқ» тұжырымдамасы,топтастыру, денгейлік тапсырмалар жиынтығынан тұрады. Әдістемелік көмекші жинақ бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушыларға жаңа тақырыпты түсіну және қорытындылау кезінде, қалыптастырушы бағалау тапсырмасы ретінде қолдануға тиімді көмекші құрал.



КІРІСПЕ
Әрбір күні өзгеріске толы қазіргі жауапты кезенде мектеп мұғалімінің алдында тұрған келелі әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі - оқушыға тиянақты да сапалы білім беру.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі - оқушыны тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, өз бетінше жұмыстануына қажеттілік тудыру.
«Жаратылыстану пәні бойынша жұмыс дәптері» 3 - сыныптың жаңа буын оқулығы негізінде басты 8 тарау мен оның тақырыптары бойынша биологиялық диктанттар және тақырыптық тест сұрақтары мен , сурет салу , «ия, жоқ» тұжырымдамасы, топтастыру , деңгейлік тапсырмалар жиынтығынан тұрады. Әдістемелік көмекші жинақ бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушыларға жаңа тақырыпты түсіну және қорытындылау кезінде , қалыптастырушы бағалау тапсырмасы ретінде қолдануға тиімді көмекші құрал. Жұмыс дәптерінің тапсырмалары 3-сынып оқу бағдарламасы мен нақты оқу мақсаттарының негізінде құрылған. Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – оқушыларының үлгерімін қадағалап, алған білім сапасын тексеріп отыру болып саналады.
Пәннің әр тарауын оқып болған соң, алған білімдерін бекіту, жинақтау ретінде оқушыларға биологиялық диктант немесе тест тапсырмасын орындату арқылы оқушының сол бөлімді немесе тақырыпты қаншалықты дәрежеде меңгергендігін анықтап, тексеруге мүмкіндік береді.
Оқыту және ой дамыту үшін жұмыс дәптері, оқыту әдістемесі.
Аталған әдістеме жаратылыстану пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасын жүзеге асыру үшін жалпы білім беретін мектептің 3-сынып мұғалімдеріне, педагогикалық мамандықтағы студенттерге, сондай-ақ барлық педагогикалық қауымға арналған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет