Батыс қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта



бет7/139
Дата01.12.2022
өлшемі1,6 Mb.
#54101
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   139
Сабақтың тақырыбы: Адамның табиғаттағы орны
Мақсаты: Адамның табиғаттағы орны, қазіргі кездегі табиғатқа әсері туралы мағлұмат беру.
Адам баласы ӛзі пайда болған алғашқы кезде табиғатқа тәуелді болды. Табиғатқа табыну алғашқы қауымдық қоғамда басты орын алды. Бірте-бірте халық санының артуы, шаруашылық салаларының дамуы, ӛнеркәсіптің ӛркендеуі адамның табиғатқа ықпалын арттыра түсті. Орманды жерлердің ӛртелуі, кәсіптік мәні бар жануарлар санының азаюы (тіпті жойылуы) адамның ойланбай жасалған іс-әрекетінің нәтижесі. Бір кезде "табиғатты таусылмайтын қазына" деп есептеп, "табиғаттың бермесін тартып алу" деген теріс кӛзқарастардың әсерінен табиғат талан- таражға түсті. Табиғат заңдылықтарын ескермей жүргізген іс- әрекетімізден, табиғат тепе-теңдігі бұзылды. Бұл казіргі кезде адамның ӛз тіршілігіне де зор қауіп тӛндіріп отыр.
Әрбір халықтың табиғатқа деген қарым- қатынасы, жанашырлық сезімі тарихи дәуірлерде қалыптасады. Қазақ халқы ұлан байтақ даланы ғасырлар бойы мал шаруашылығына дұрыс пайдалана білді. Әрбір түліктің ӛзіне тән ӛрісін де тандай біліп, жазда жайлауға, қыста қыстауға, т.б. орын ауыстырып тұруы табиғатқа деген қамқорлығының құнды кӛрінісі. Халқымыз кең байтақ жайылымдарды жыл мезгілдеріне сай дұрыс әрі тиімді пайдалана білген. Халқымыздың асыл азаматы Міржақып Дулатұлы 1910 жылы жазған мақаласында тӛрт түлік малдың халық ӛміріндегі алатын орнын ерекше атап кӛрсеткен.
"Мал оның күнкӛріс кӛзі. Оның барлық мүддесі мал тӛңірегінде, игілікті ӛмірге қолын жеткізетін иен дәулеті де осы мал байлығы... Табиғаттың кейбір заңдылығын бақыламай, білмей отыра алмайды", — деген ойлары ӛте орынды айтылған. Бір кезде халқымыздың кӛзінің карашығындай корғап келген жайылымдарының казіргі тағдыры мүлде сын кӛтермейді.
1954 жылы басталған тың және тыңайған жерлерді игеру деген жаңсақ ұранмен миллиондаған гектар жайылымдар босқа жыртылды. Ондай жерлерде алдын ала ғылыми зерттеулер жүргізілмеді және әрбір аймақтың жергілікті табиғи жағдайлары ескерілмеді.
Ғалымдардың деректері бойынша Қазакстанда 180 млн га мал жайылымының 30 млн га алқабы мал тұяғынан тозаңы шықты, 50 млн га жер су тапшылығынан жарамсыз күйге ұшырады. Бірнеше жылдың ішінде еліміздің солтүстік аймақтарындағы шұрайлы жерлер эрозияға (желдің әсерінен) ұшырап, не егін егуге, не мал жайылымына жарамай қалды. Мұндай мысалдарды Жер шарының басқа аймақтарынан да келтіруге болады. БҰҰ сарапшыларының мәліметі бойынша, Жер шарындағы құрлықтың 30% алқабы қазіргі кезде техногендік әсерден шӛлді аймаққа айналған. Бұл кӛрсеткіш жыл сайын 6 млн г-ға ӛсіп отырғаны да белгілі.
Ӛнеркәсіптің ӛркендеуіне байланысты пайдалы қазбаларды ӛндіру кезінде жылына 100 млрд т-дан астам тау жыныстары қопарылады. Осы жер қойнауынан алынатын шикізаттың бар болғаны 10%-ы дайын заттар жасауға жұмсалады да, қалған 90%-ы жарамсыз қалдықтарға айналады.
Адамның ойланбай жасалған іс-әрекеттерінің әсерінен жануарлардың кӛптеген түрі жойылған. 1600 жылдан бастап қазіргі кезге дейін құстардың 162, сүтқоректілердің 100-ге жуық түрі біржола жойылып кеткен. Олардың кӛпшілігінің жойылуына тікелей адамдардың шектен тыс аулауы әсер еткен.
Кейде ӛсімдіктер мен жануарларды бір жерден екінші жерге алдын ала ойланбай жерсіндіру де пайдалы бола бермейді. Мысалы, Аустралия жерінде жабайы қояндардың кӛбейіп кетуі, кактустың қаптап ӛсуі ауыл шаруашылығына орасан зор зиян келтіруде.
Қоршаған ортаның ӛнеркәсіп орындарынан, кӛліктерден, тұрмыстық ӛажетінен бӛлінген улы газдардан ірі қалалардың ауасы ластануы кең ӛріс алуда.
Соңғы кезде ауаның радиоактивті заттармен кӛптеп ластануы адамзатты кӛбірек толғандырып отыр. 1986 жылы сәуір айында болған Чернобыль экологиялық апатынан табиғатқа орны толмас орасан зор нұқсан келді.
Арал теңізінің кӛлемі соңғы 40 жыл ішінде 60%-ға азайды. Балқаш кӛлінің кӛлемінің кемуі де жылдан-жылға айқын байқалуда.
Қазіргі кезде Қазакстанның кӛптеген ӛңірі экологиялық апатты аймақ деп аталады. Соның мысалына Семей полигонын атауға болады. Оның аумағы шамамен 18 мың км2 алқапты камтиды. Семей полигонында 1949—1989 жыл аралығында 500-ге жуық жарылыс болып, сынақтар ӛткізілген. Осындай жойқын жарылыстардан Семей ӛңірінің табиғаты да, халқы да ӛте ауыр зардап шегуде. Мұндай әр түрлі деңгейде жүргізілген сынақтар мен арнайы жарылыстар Қазақстанның 34 жерінде жүргізілгені белгілі болып отыр.
Қазақстанда атом энергиясын халық игілігі үшін пайдалану мақсатында 1963 жылдан бастап Ақтау қаласында Каспий теңізінің суын тұщыландыру қондырғысы жұмыс істейді. Ол қондырғы "БН—350" деп аталады. Онда тәулігіне 120—150 мың м3 теңіз суы тұщыландырылады.
Кӛрнекті ғалым В.И.Вернадскийдің айтуы бойынша, адам қуатты геологиялық күшке айналып отыр. Ноосферадағы табиғат пен қоғам арасындағы ӛзара үйлесімділікті сақтау, биосфераны жасампаздықпен кӛркейту жер бетіндегі барлық адамдардың бірлесе отырып, жұмыла жұмыс атқаруын қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет