Сабақтың тақырыбы: Антропогенез – адамның шығу тегі туралы және эволюциясы туралы ілім. Адамның жануарлардан шыққан дәлелдері.
Мақсаты: Антропогенез туралы тҥсінік бере отырып, адамның пайда болу жолдарына дәлелдер келтіру; Адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін, материалдық және рухани қазыналарын зерттеитін кешенді ғылым антропология деп аталады. Антропология терминін алғаш ғылымға Аристотель енгізді. Жалпы, тірі организмдердің тарихи дамуы кезеңінде ең соңында пайда болған әрі жоғары сатыдағы тұрған тіршілік иесі –адам. Қазіргі кездегі жер бетіндегі адамдардың бәрі де бір ғана түрге
– саналы адамға жатады. Адамның шығу тегі туралы кӛптеген кӛзқарастар бар.
Адамның шығу тегі жалпы тіршіліктің пайда болуымен тікелей байланыста қарастырылады. Діни ұғымдар бойынша адамды Құдай, Аллаһ тағала, т.б. жаратушы құдіреттер топырақтан, саз балшықтан жаратқан деген пікірлер бар.
Жаратылыстану ғылымдарының пайда болуы және олардың даму кезеңдеріне байланысты адамның пайда болуы туралы басқа да кӛзқарастар қалыптасты. Әсіресе анатомия, эмбриология, палеонтология, т.б, ғылымдардың деректеріне байланысты адамның шығу тегі туралы ғылыми кӛзқарастар қалыптаса бастады. Тірі организмдерді алғаш рет швед ғалымы Карл Линнеи ғылыми жүйеге бӛліп жіктеге (1735 ж.). Ол ӛз еңбегінде адамды сүтқоректілер класының, приматтар (маимылдар) отрядына жатқызып, түрін саналы адам деп атады. Француздың жаратылыстанушы ғалымы Ж.Б.Ламарк та адамның адамтектес
маймылдардан шыққандығын қуаттайды. Ағылшын ғалымы Чарлиз Дарвин де ӛзінің эволюциялық ілімі бойынша адам адамтектес маймылдардан пайда болған деген пікірді қолдады.
Адам мен жануарларда болатын ортақ белгілер.Адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі мүшелердің құрлысында бір – біріне ұқсас белгілер кӛптеп кездеседі. Ондай белгілердің бірінші тобына – адам денесінде кездесетін рудиментті(латынша арғы тегінен қалған қалдық белгілер) мүшелерді жатқызуға болады. Қазіргі кездегі адам денесіндегі мұндай рудиментті мүшелер 90 –ға жуық. Ондай мүшелерге тері асты, құлақ маңындағы бұлшық еттерді, терідегі түктерді, омыртқа жотасындағы құйымшақ бӛлімін, соқырішекті, т.б. мүшелер жатады. Адамда мұндай кейбір мүшелердің атқаратын қызметі де ӛзгерген. Мысалы, жануаларларда болатын соқырішек, негізінен, ас қорытуға қатысатын болса, адамда қорғаныштық қызмет атқарады.
Адам денесінде кейде кездесетін жануарларға ұқсас белгілердің екінші тобына атавизмді(латынша – арғы тегін қайталау) мүшелер жатады. Ондай мүшелерге кейде құйрықты баланың дүниеге келуі, денесіне қалың түк ӛсуі, кӛп емшекті адамдардың тууы, т.б. жатқызуға болады. Адам денесінде кездесетін мұндай рудиментті және атавизмді мүшелер адамның арғы тегінің жануарлардан шыққандығына нақтылы ғылыми дәлел бола алады.