Батыс қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта


Адам мен адамтектес маймылдардың ҧқсас белгілері



бет10/139
Дата01.12.2022
өлшемі1,6 Mb.
#54101
түріСборник
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   139
Адам мен адамтектес маймылдардың ҧқсас белгілері. Адам мен адамтектес маймылдардың сыртқы құрылысында және мінез – құлығында да кӛптеген ұқсас белгілер бар. Мысалы, сыртқы орта жағдайларындағы тітіркендіргіштерге байланысты кӛңіл күйінің ӛзгеруінен, ұрпақтарына қамқорлық жасауынан (сүйіспешілігі, ызалануы), т.б. айқын аңғаруға болады. Сонымен қатар маймылдарда да орталық жүйке жүйесі және есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Осыған байланысты адам мен маймылда шартсыз, шартты рефлекстер ұқсас қалыптасады. Адамтектес маймылдардың да құйрығы болмайды, саусақтарының ұшы жалпақ әрі онда жалпақ тырнақтары бар. Олардың сезім мүшелері, терісінің құрылысы, қан топтары, жалпы аурулары және олардың денесінде тіршілік ететін паразиттері де ұқсас болады. Хромосомаларының құрылысы да ұқсас келеді. Адамда – 46, ал адамтектес маймылдарда – 48 хромосома бар. Міне, осы айтылған белгілердің бәрі де адам мен адамтектес маймылдардың арғы тегінің бір – біріне жақын екендігін дәлелдей түседі.
Адам мен адамтектес маймылдардың бір – бірінен айырмашылық белгілері. Адамтектес маймылдардың кӛп белгілері адаммен ұқсас болғанмен, олар адам сияқты күрделі еңбек құралдарын жасай алмайды. Адамның тікелей тік жүруіне байланысты ӛзіне ғана тән белгілер қалыптасқан. Ондай белгілерге – омыртқа жотасының алға–артқа қарай иілуін, кеуде қуысының жазық пішінділігін, жамбас қуысының кеңдігін атауға болады. Адамның аяқтары қолынан ұзын және миы ӛте жақсы дамыған. Адам қолының басбармақ сүйегі басқа саусақтарға қарама
– қарсы орналасқан. Ресей ғалымы Е. Тетушкин 2001 жылы адам мен
адамтектес маймылдардың қан құрамын салыстыра отырып зерттеген. Ол адамдардан гиббодар -17, 9 млн, орангутандар -13,9 млн, горилла -7,2 млн, ал шимпанзелер -5,9 млн жыл бұрын бӛлінген деген қорытынды жасады. Ол шимпанзенің қан құрамы мен нәруыздардың 99,6% -ы адамға ұқсас екендігін анықтады.


Сабақтың тақырыбы: Антропогенездің қозғаушы кҥштері.


Мақсаты: Адам эволюциясындағы еңбек пен қоғамдасып ӛмір сүрудің маңызын кӛрсету;
Адам эволюциясындағы антропогенездің биологиялық факторлары. Адам – органикалық дүние эволюциясында ең соңында пайда болған биологиялық түр. Органикалық дүниеде болатын тұқым қуалайтын ӛзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу адам эволюциясында да маңызды орын алады. Адам эволюциясындағы мұндай табиғи заңдылықтарды. Ч. Дарвин нақтылы мысалдармен дәлелдеп берді. Адамтектес маймылдар бірте – бірте тік жүруге кӛшіп, қол мен аяқтың қызметі бір – бірінен бӛліне бастады. Қол еңбек құралдарын жасауға дағдылана түсті. Табиғи сұрыталу адамдардың жеке топтардың еңбек құралдарын жасауды жетілдіре түсуінде, ұжымдасып аң аулауына, қарттарға қамқорлық жасауына қолайлы жағдай туғызды. Бұл арада әлеуметтік ӛмірдің де елеулі орын алатынын Фридрих Энгельс (1820 – 1895 ж.ж) ӛз еңбегтерінде дәлелдеп берді. Ол, әсіресе еңбектің, қоғамдасып тіршілік етудің, ақыл – ойдың және сӛздің маңызын атап кӛрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет