Қҧрастырған: А.А.Мендигазиева-Оралқаласы, №42«Ақ ниет» гимназиясының жоғары санатты биология пәні мұғалімі
Тҥсінік хат
«Жануарлар этологиясы» факультативтік курсы мектеп оқушыларына жануарлар әлемі мен нақты және жақынты танысуға, оларды шаруашылықта, табиғатта бақылауға алып,з ерттеуге мүмкіндік береді. Аталмыш курс
7 сыныптағы биология курсының бағдарламасына сәйкестендіріліп жасалды. Жануарлар әлеміндегі қарапайымдылардың қозғалысынан бастап, омыртқалы жануарлардың күрделі мінез–құлықтары туралы білім бере отырып, оқушылардың жануарларға бақылау жүргізу біліктіліктерін қалыптастырады.
Бұл курстың ерекшелігі–биологияның белгілі бірсаласы бола отырып, жануарлардың биоалуантүрлілігін нақтылайды, оларды биологиялық жүйенің біртұтас құрылымы ретінде қарастырады. Факультативтік курстың бағдарламасында теориялық білім мен қатар, сабақтарда практикалық есептерді шешуге арналған тапсырмалар да бар.
Курстың мақсаты: жануарлардың этологиясын, яғнимінез–құлық ерекшеліктерін зерттеу, олардың табиғи ортадағы қылықтарын бақылау және оларды биологиялық тұрғыдан түсіндіре білу;
Курстың міндеті:
Жануарлар әлемін біртұтас құрылым ретінде зерттеу;
Жануарлардың ұйымдасу теориясын жалпы этологиялық теория ретінде қарастыру;
Жануарлар әлемін оқып үйренуде этологиялық, биологиялық фактілерді назарға алу;
Кҥтілетін нәтиже:
Жануарлардың мінез–құлық түрлері сипаттайалады;
Күрделі мінез–құлықтар мен жануарлардың ұйымдасу ерекшеліктерінің байланысын кӛрсете алады;
Табиғат аясында жануарларды бақылауға үйренеді;
Курстың орны: 7-сыныптың жануартану курсындағы «Бір жасушалылар», «Қоғамдық бунақденелілер», «Балықтарды ӛсіру, жерсіндіру», «Құстардың жылдық тіршілік циклі», «Сүтқоректілердің кӛбеюі» тақырыптарының құрамдас бӛлігі