Полисапробты аймақта (ӛте ластанған аймақ) органикалық заттар саны ӛте кӛп, тез ыдырайды да микроорганизмдер оларды тез қабылдайды. Полисапробтық аймақта оттегі жоқ. Микробтар ӛте кӛп (анаэробтық бактериялар, саңырауқұлақтар, актиномицеттер), олар тез шірітіп ашытады. Осы бактериялар әсерінен күрделі органикалық заттар қарапайым заттарға ауысқанда аммиак, күкірт сутегі, индол, скатол, метан, кӛмірқышылы т.б. бӛледі. 1мл суда бактериялардың саны миллионнан асады.
Мезосапробтық аймақта(сәл ластанған аймақ) қышқылдану және нитрификация процесі басым. Құрамында азоты бар қоспалар аммиакқа дейін ыдырайды, олар қышқылданғанда нитритке, нитратқа ауысады. Микробтардың саны кӛп - 1 мл суда мыңдап ӛлшенеді. Ең алдымен нитрифицирленген бактериялар – грам (-) таяқшалар, кокктар. Олар облигатты аэробтар. Сонымен қатар, судағы Clostrіdіum туыстастығына кіретін анаэробтар, Pseudomonas, Mycobacterіum, Flavobacterіum туыстастықтарына кіретін бактериялар, Streptomyces және Candіda т.б. кӛмірсутегілері бар қоспалардың минерализациясына қатысады - целлюлоза, клетчатка, лигнин т.б.
Олигосапробтық аймақ(таза су аймағы) ӛздігімен тазарту процесі аяқталуымен сипатталады. 1 мл суда бактериялар саны 10-нан 1000 дейін. Бұл судың қалыпты флорасы. Әр түрлі микроорганизмдер, сонын ішінде патогенді микробтарда полисапробтық аймақта кӛп болады, бірақ жаймендеп қырыла бастайды, мезосапробтық аймақта олар азаяды, ал олигосапробтық аймақта кездеспейді. Ӛзеннің суында 24 сағатта
микробтардың 50%, 48 сағаттан соң - 25-10%, 72 сағаттан соң - 10-1%. Су қоймаларының ӛздігімен тазартуына (биологиялық тазарту) кӛптеген факторлар әсер етеді.
Таза сумен араластыру, сондықтан ағып жатқан суда ӛздігімен тазару тұрып қалған су қоймаларына қарағанда жиі ӛтеді.
Судың температурасы. Жазғы мезгілде микроорганизмдер активті түрде кӛбейеді. Қысқы айларда ӛздігімен тазару бәсендейді, бактериялар кӛбеюі тек ағын жерде ӛтеді, қырылу қарқыны тӛмендейді, су қоймаларында кӛптеген бактериялар жазға қарағанда ұзақ сақталады. Сондықтан су қоймаларының санитарлық жағдайы қыста нашар, сонымен қатар тӛмен температурада энтеробактериялар, ішектік инфекциялар қоздырғыштары сақталады. 1 шектік инфекциялар су арқылы таралуы жиі қыста байқалады. Зауыттардың қалдық су құрамындағы химиялық заттар - беткейлік-белсенді заттар (ПАВ-ББЗ) және мұнай ӛнімдері ПДК 10 есе асатын болса энтеробактериялар кӛбеюіне, ұзақ сақталуына ықпал тигізеді, су қойманың эпидемиялық қауіптілігін күшейтеді. Су қоймаларының ӛздігімен тазаруына қарапайымдылар жағымды қасиет кӛрсетеді. Олар коллоидтарды, ұсақ қоспаларды жинайды, бактерияларды жояды, ең алдымен патогенді түрлерін де. Бір инфузория 1 сағатта 30 000 бактерияны жояды. Сонымен қатар, бактериялардың паразиттері - бделловибриондар бактериялық клетканың периплазмасына еніп, ішінде кӛбейеді де оларды жояды. Бделловибриондар энтеробактериялар, псевдомонада, вибриондар тұқымдастығына кіретін патогенді бактерияларды жояды. Бделловибриондар қалдық суда, илда, топырақта тіршілік етеді. Ӛте ластанған ашық су қоймаларында, 1 мл суында 1000 бделловибриондар кездеседі. Микробтық ластану азайғанда бделловибриондарда жойылады. Сондықтан таза су қоймаларында олар кездеспейді.