Батыс қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта


Сабақтың тақырыбы: Алғашқы адамдар туралы Мақсаты: Адамдардың пайда болу тарихымен таныстыру



бет12/139
Дата01.12.2022
өлшемі1,6 Mb.
#54101
түріСборник
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   139
Байланысты:
asz

Сабақтың тақырыбы: Алғашқы адамдар туралы Мақсаты: Адамдардың пайда болу тарихымен таныстыру.


Ежелгі адамдар (архантроптар). Ежелгі адамдардың барлық топтары бір ғана тік жүретін (Homo eretus ) адам түріне жаталы. 1891 жылы нидерландтық ғалым Эжен Дюбуа Ява аралынан тасқа айналған ежелгі адамның қазба қалдықтарын тапты. Бұл қаңқа қалдықтарының бұдан бұрынғы 1,9 млн – 600 мың жыл аралығында ӛмір сүрген адамның сүйектері екендігі анықталды. Оны Эжен Дюбуа деп атады. Ол гректің
―маймыладам‖ адам деген ұғымды білдіреді. Оның бас сүйегіндегі қас үсті доғасы ерекше алға қарай шығыңқы, маңдайы артқа қарай жазық тайқы болып келген. Ал шүйде сүйегі артқа қарай шығыңқы. Бұл – адамтектес маймылдарға ғана тән белгілер. Оның миының салмағы 900 грам, яғни адамтектес маймылдардың миынан біршама үлкен. Питекантроптың ортан жілігінің құрлысының адамның ортан жілігіне ұқсас болуы, оның тік екі аяқпен жүріп, тіршілік еткенін аңғартады. Оның кейбір белгілерінің маймылға. ал кей белгілерінің адамға ұқсастығына байланысты
оған “маймыладам”деген ат берілді. Кейінен оның қаңқа қалдықтары Қытай, Германия, Венгрия, Солтүстік және Оңтүстік Африка жерлерінен де табылды. Қазіргі кезде питекантроптарды архантроптарға (ежелгі адамдарға) немесе тік жүретін (Homo erectus) жатқызады. Ежелгі адамдардың сыртқы дене құрылысының едәуір айырмашылықтарына қарамастан, олардың бәрі бір ғана түрге жатқызады. Архантроптар жер бетінде бұдан 1 млн жыл мен 500 мың жылдар аралығындағы кезеңде тіршілік еткен. Бұлардың қаңқа қалдықтарының табылған жерлеріне сәйкес питекантроп (ява адам), синантроп (қытай адамы), гайдельберг адамдары деп атайды. Ежелгі адамдардың сыртқы белгілері аустралопитектермен, епті адамдармен салыстырғанда қазіргі адамдарға кӛбірек ұқсас, әрі миының салмағы да үлкен : 750, 900 г, кейде 1000 – 1100 г. Арханотроптардың бойының ұзындығы 165 – 170 см. Бұл белгілердің бәрі де олардың қазіргі адамдарға едәуір ұқсас екендігін дәлелдей түседі.
Архантроптардың бір тобы – синантроп (қытай адамы) Шығыс Азия аймағында тіршілік еткен. Синантроптардың қаңқа қалдығы 1937 жылы Пикин маңындағы үңгірден табылды. Олар аң терілерін киім ретінде пайдаланып, үңгірлерде тұрған және тас құралдарды әрі отты пайдаланған. 1907 жылы Германияның Гейдельберг қаласының маңынан ежелгі адамның қаңқа қалдығы табылған. Оны ғылымда гейдельберг адамы деп атап, архантроптарға жатқызды. Архантроптардың тіршілік әрекеттерінде де күрделі ӛзгерістер болмағандығы байқалады. Олар кӛбіне ірі жануарларды ұжымдасып аулап, отты пайдалана білген.
Архантроптардың тарихи даму кезеңіндегі негізгі ерекшеліктердің бірі – сӛздің пайда болуы. Олардың сӛздік қоры тек жеке сӛздерден ғана құралған. Сӛз ежелгі адамдар арасында басты қарым – қатынас құралы болған. Архантроптардың қаңқа қалдықтары Орталық Еуропа мен Алдыңғы Азия ӛңірінен де кӛптеп табылаған. Қазақстан жерінде де ежелгі адамдардың қоныс тұрақтары, пайдаланған тас құралдары мен аулаған жабайы жануарларының қаңқа қалдықтары кӛптеп табылады. Соңғы жылдары Қазақстанда жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары соны дәлдейді.Тас дәуіріне қатысты тастан жасалған құралдар Қазақстанда алғаш рет 1928 жылы Алтын Қолат жайлауының маңынан табылған. Кейіннен мұндай тас құралдар Жамбыл обылыс, Қызылту елді мекенінен де табылды. Осындай зерттеулер нәтижесінде ғалымдар Қазақстан жерінде ежелгі адамдардың қоныс тұрақтары шоғырланған бірнеше аймакты анықтады. Ондай аймақтарға Маңғыстау, Үстірт, Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау, Солтүстегі ұсақ таулы Кӛкшетау және Нарын – Бұқтыма, Ертіс маңы жатады. Осындай деректерге сүйеніп, қазақстандық кӛрінекті ғалым. Ж. Таймағанбетов және т.б. Қазақстан жерінде ежелгі адамдар бұдан бір миллион жылдай бұрын ӛмір сүрген деп тұжырымдайды. Архантроптардан бастап қазіргі адамдардың келіп шығуы 500 мың жылдай уақыт аралығын қамтыған. Архантроптардың эволюциясынада ми салмағының артуы, қоғамдасып тіршілік ету, еңбек құралдарын жетілдіре түсу және отты пайдалану–эволюцияның басты бағыттары болды. Дегенмен де
архантроптардың эволюциялық дамуында биологиялық факторлар, соның ішінде табиғи сұрыптау басты рол атқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет