Сабақтың тақырыбы: Дарвин және оның адамның шығу тегі туралы кӛзқарастары
Мақсаты: Адамның шығу тегі туралы кӛзқарастармен таныса отырып, адамның жануарлар жүйесіндегі орнын, эволюциялық ерекшеліктерін кӛрсету;
Адамның жануарлар, әсіресе сүтқоректілермен құрылысының ортақ жобасы және ұйымдасуының кӛптеген белгілерінің ұқсастығы кӛп уақыттан бері адамдардың назарын аударып келеді. Адамның табиғаттағы орнын түсінуге, оның басқа организедермен ұқсастығын, ӛзгешелігін, адам типіндегі алуан түрлі белгілерінің болу себептерін түсіндіруге кӛп елдердің адамдары кӛне заманнан-ақ, мүмкін жалпы ғылыми білім пайда болға кезден бастап әрекет жасаған болар.
Адамның шығу тегі туралы алғашқы эволюциялық кӛзқарастар кӛне заман ойшылдарының еңбектерінде кездеседі. XVIII-ғасырда К.Линней адамды лемур және маймылмен бірге приматтар отрядына жатқызады. Ламарк адам ағаштарға ӛрмелеуден жер бетімен жүруге кӛшкен маймыл тәрізді ата-тектерден шықты деп жорамалдайды.
Адам тарихын түсінудегі ірі оқиға Ч.Дарвиннің "Адамның шығу тегі мен жыныстық сұрыпталу" атта еңбегі болды. Ұлы ағылшын ғалымының бұл еңбегі "Түрлердің шығу тегі" атты туындысы сияқты адамның Құдай жаратылысының ӛнімі ретінде қарастыратын кӛзқарасқа қатты соққы болды. Ал Адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының заңдылықтарын одан кейінгі уақытта тарихи материализмнің негізін қалаушылар ашты.
Адамның шығу тегі мен эволюциясын, оның жануар ата-тектерінің тіршілігі қандай биологиялық заңдылықтарға тәуелді болғанын, биологиялық заңдылықтардан әлеуметтік заңдылықтарға кӛшу процесін зерттеумен жаратылыстанудың саласы – антропология (грек тілінен anthropos – адам) – айналысады. Ең алдымен адамның жануарлар дүниесінде алатын орнын қарастырайық.
2. Адамның жануарлар әлемі жүйесіндегі орны.
Адамның эмбриональдық дамуы кезінде Хордалылар типінің барлық ӛкілдеріне тән белгілерді кӛруге болады. Олар: хорда, ұрықтың арқа жағындағы жүйке түтігі, тамағындағы желбезек саңылаулары. Омыртқа жотасының дамуы, аяқ-қолдарының екі жұбы болуы, жүректің дененің құрсақ бӛлігінде орналасуы адамды омыртқалылар тип тармағына жатқызуға мүмкіндік берді. Тӛрт камералы жүрек, күшті дамыған ми қыртысы, жылықандылық, сүт бездері, дененің беткі жағындағы түктер, тістердің үш түрі (азу тіс, ит тіс, күрек тіс) адамның сүтқоректілер класына жататындығын кӛрсетеді.
Ұрықтың ана денесінде дамуы және оның қағанақ арқылы қоректенуі, қағанақты жануарлар класс тармағына тән. Ұстағыш типті қол- аяқтары (бірінші бармақ қалғандарына бұрыш жасап орналасқан), аяқтарындағы тырнақтар, сүт бездер емшектерінің бір жұбы, жақсы дамыған бұғана сүйектері, онтогенез процесінде сүт тістердің тұрақты тістермен алмасуы, әдетте бір ғана тӛлдің (баланың) туылуы адамның Приматтар отрядтарындағы орнын анықтайды. Аталған белгілерге қарағанда адамның ерекше жеке белгілері – омыртқа жотасындағы құйрық бӛлімінің редукциясы, аппендикстің болуы, ми сыңарларында иірімдердің кӛп болуы, қанның негізгі тӛрт тобы (А,В,О, АВ), мимикалық бұлшық еттердің дамуы және т.б. бірқатар белгілер – адамды адам тәрізді маймылдар отряд тармағына жатқызуға мүмкіндік береді. Адамның жануарлардан шығуы бірқатар қасиеттердің болуымен дәлелденеді, олар адам омыртқалалардың ұзақ эволюциялық нәтижесі екендігін кӛрсетеді. Адам ұрығында эмбриональдық даму кезеңіндегі екі камералы жүрек, желбезек доғаларының алты жұбы, құйрық артериясы – балық тәрізді ата- тектерінің белгілері дамиды. Қосмекенділерден адам саусақтар арасындағы жүзу жарғақтарын алды, бұл жарғақтар оның ұрығында ғана болады.
Жаңа туылған нәрестелер мен бес жасқа дейінгі балалардың жылу реттелуінің әлсіз болуы адамның дене температурасы тұрақсыз жануарлардан шыққандығын кӛрсетеді. Ұрықтың бас миы мезозой
эрасының тӛменгі сатыдағы сүтқоректілердікі сияқты тегіс, оның иірімдері болмайды.
Алты апталық ұрықта сүт бездерінің бірнеше жұптары болады. Сонымен қатар омыртқа жотасының құйрық бӛлімі дамиды, бұл бӛлім одан кейінгі уақытта редукцияланып құйымшаққа айналады. Сонымен құрылысының және эмбриональдық дамуының негізгі белгілері, саналы адам түрінің сүтқоректілер класында, Приматтар отрядтарында, адам тәрізді маймылдар отряд тармағындағы алатын орнын нақты анықтайды. Сонымен бірге адам тек ӛзіне ғана тән ерекшшеліктерге ие: тік жүру, тӛменгі аяқ-қолдар (аяқтар) бұлшық еттерінің күшті жетілуі, бірінші бармағы мықты дамыған күмбез пішінді табан, қозғалмалы қолдың басы, тӛрт жерден иілген омыртқа жотасы, жамбастың горизонтал жазықтыққа 60оС бұрыш жасап орналасуы, ӛте үлкен кӛлемді ми, ми сауытының ірі болуы және бет сүйектерінің кішілеу болуы, бинокулярлы кӛз, ӛсімталдық (ұрпақ бергіштік) қасиеттерінің шектеулі болуы, 180оС-қа дейін қозғалысты жасауға мүмкіндік беретін иық буынын және т.б. Адам құрылысы мен физиологиясының бұл ерекшеліктері – оның жануар ата- тектерінің эволюциялық нәтижесі.