Батыс қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта



бет132/139
Дата01.12.2022
өлшемі1,6 Mb.
#54101
түріСборник
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   139
Байланысты:
asz

Сабақтар ҥлгілері


Экология-9 сынып
Тақырыбы: "Проблемалар және дилеммалар" (карточкалық ойын)

Мақсаты:


  1. Оқушыларға экологиялық проблемалар туралы түсінік бере отырып, шешу жолдарын табуға бағыт-бағдар беру.

  2. Оқушылардың ойлау қабілеті мен сӛйлеу мәнерін дамыта отырып, ӛз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.

  3. Экологиялық білім мен мәдениетке тәрбиелеу

Сабақтың тҥрі: Ойын
Сабақтың әдісі: Карточкалық ойын
Кӛрнекілігі: Презентация, карточкалар, DVD диск және т.б.

Сабақтың барысы: Ҧйымдастыру бӛлімі


Сынып оқушыларын 5 оқушыдан тұратын 5 топқа бӛліп отырғызу. Әр топтан 1 оқушы келіп карточка таңдайды. Сол карточканың негізгі проблемасын әр топ ӛз бетінше оқып танысады, соңындағы жауаптың біреуін таңдап, сол жауапқа ӛз ойларын қоса отырып жеткізеді. Оған арнайы уақыт беріледі.
Оқушыларға берілетін карточкалардың бағыттары:
Ауа топырақ ӛнеркәсіп
біздің ғаламшарымыз болашақта
денсаулық және қоршаған орта
Ауа - ӛзіңізді қоршаған ортаны қорғау министрі деп есептеңіз. Сіздің алдыңызда ауаның ластану деңгейін тӛмендету міндеті тұр. Сіздің кеңесшілеріңіз бен сарапшылар бұл мәселені шешудің бірнеше ықтимал жолдарын ұсынады. Олардың қайсысын Сіз анағұрлым тиімді деп есептейсіз?

  1. Оларды пайдаланудың анағұрлым жоғары тиімділігіне қол жеткізу, сұранысты азайту және оның салдары ретінде ластайтын заттардың қалдықтарын және олармен ауаның ластануын тӛмендету мақсатында энергия тасымалдағыштар мен электр энергиясының бағасын кӛтеру.

  2. Олардың жұмысы қоршаған ортаны қатты ластандыруға әкеп соғатын ескірген ӛндірістік кәсіпорындарды және тиімділігі аз ауа фильтрлері бар ӛндірістерді жабу.

  3. Шекті рұқсат берілетін ластайтын концентраттардың және шекті рұқсат берілетін қалдықтардың (атап айтқанда, күкірт газы, азот оксиді және шаң тозаңдар) нормаларын заңнамалық тұрғыдан тӛмендету.

  4. Ӛнеркәсіптік кәсіпорындарда атмосфераға түсетін ластайтын заттардың қалдықтарын тӛмендетуге ықпал ететін тазалау ғимараттарын орнату.

Топырақ - адамдар су мен ауаның ластануы сияқты жер қыртысының құлдырауы мен бұзылуына алаңдауда. Тӛменде санамаланған жер қыртысы құлдырау себептерінің қайсысын Сіз осы мәселенің ӛзектілігіне қоршаған адамдардың кӛзін жеткізу үшін пайдаланар едіңіз?

  1. Агротехниканың бұзылуынан (жоғары ӛнімділікті қамтамасыз ету үшін ӛсімдіктерді ӛсіру тәсілдері кешенінен), табиғи ӛсімдікті жоюдан, мал күтімінен жер қыртысының мүжілуі.

  2. Жер қыртысының сортаңдануы.

  3. Жер қыртысының ауыр металдармен, пестицидтермен, нитраттармен ластануы.

Ӛнеркәсіп - Сіз қоршаған ортаны ластайтын зауыттың иесісіз. Жақын арада қоршаған ортаны қорғауды күшейту туралы қабылданған жергілікті заң Сізді белгілі бір дәрежеде зиянды шығарындыларды азайтуды міндеттейді. Сондықтан Сіз консультанттардан осы проблеманы зерделеуді сұрадыңыз. Зерттеулер шығарындыларды тазалау үшін қосымша құрал-жабдықты сатып алу керек екенін кӛрсетті. Бірақ оның бағасы қымбат болғандықтан, Сізге 100 жұмысшыны жұмыстан босату керек. Сіздің әрекетіңіз?

  1. Құрал-жабдықты сатып алып, жұмысшыларды жұмыстан босатасыз.

  2. Уақытты ұзартып,әзірше ештеңе ауыстырмайсыз.

  3. Жаңа құрал-жабдыққа ақша жинайсыз немесе коммерциялық несие аласыз.

  4. Басқа консультанттарды жалдап, оларға тазалаудың неғұрлым арзан жолдарын табуды ұсынасыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет