Батыс қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта



бет34/139
Дата01.12.2022
өлшемі1,6 Mb.
#54101
түріСборник
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   139
Байланысты:
asz

Сабақ тақырыбы: Сарамандық жұмыс №5: Тыныс алу кӛлемі.
Мақсаты: Тыныс алу мен терең тыныс шығарудың кӛлемдік пайызы араларындағы әр түрлілікті түсіну үшін ӛкпенің функционалдық сынамасы мен тыныс алу кӛлемін зерттеу.
Оқушылар осы сарамандық жұмысты орындау үшін алдын ала мына тақырыптар туралы түсінік берілуі қажет:
Тыныс алу. Тыныс алу жүйесінің құрылымы мен қызметі.

Орындалатын жҧмыс туралы қысқаша ақпарат


Тыныс алу мен тыныс шығару –біздің ағзамызға тән табиғи үдеріс. Тыныс алу мен қан айналым жүйесі бірігіп оттегі мен кӛмірқышқыл газдарының күрделі газ алмасу қызметін атқарады. Ӛкпеде кӛптеген ұсақ кӛпіршіктер –альвеолаларда газ алмасу жүреді. Спирометр –тыныс алғандағы ауа мӛлшерін ӛлшейтін құрал. Сынама барысында зерттелуші бірнеше рет қалыпты тыныс алып, содан кейін бір рет терең тыныс алады( терең тыныс алу және шығару).
Спирометр уақытқа шаққанда сыйымдылық графигінде маңызды ӛлшемді кӛрсете алады. Бірден-бір маңызды ӛлшем –ол максималды жүктемеде зерттелушінің қалай жақсы тыныс алатынын кӛрсететін бір секунд ішіндегі тез тыныс алуы. Бұл кӛрсеткіш әдетте ӛкпелері науқас адамдарда тӛмен және ӛкпе ауруларымен шектелетін адамдарда жоғары болады. Дені сау адамның тез дем шығаруы әдетте 75-85% тең. Сонымен қатар, ӛкпенің функционалдық сынамы тыныс алу кӛлемін және тыныс алу сыйымдылығын зерттейді. Тыныс алу сыйымдылығы –сабырлы тыныс алу барысында ӛкпемен тыныс алу, тыныс шығаратын бір тыныс алу. Спирометр, әдетте, тыныс алудың қалыпты сыйымдылығының абсолюттік кӛлемі мен шамамен пайызын кӛрсетеді.

Жҧмыс барысы:


SPARK қҧрылғысын жҧмысқа дайындау

  1. Мәліметтерді жинау жүйесінде жаңа экспериментті бастаңыз

  2. Мәліметтерді жинау жүйесіне спирометрді жалғаңыз.

  3. Қондырғыларды тұтқалармен жалғаңыз.

  4. Ӛкпе қызметінің қалдықты сыйымдылығына арналған ӛкпе сыйымдылығын (2,5 литр) және ӛлшенген ауа ағыны жиілігін есептеу негізінде мәліметтерді жинау жүйесін реттеу.

  5. Барлық мәліметтерді кӛрсетуге арналған график шкалаларын таңдау. Мәліметтерді жинау:

  1. Мәіметтер жазбасын бастаңыз: оқушы қалыпты тыныс алғанда, терең тыныс алғанда және содан кейін қайтадан қалыпты тыныс алғандағы ӛзгерістерді жазыңыз.

  2. Ауа ағыны қондырма арқылы ӛтіп жатқанын қадағалаңыз: ол үшін қондырманың конусты жағын алдыңғы тіс аралығына қойып, қондырманы ерінмен ұстаңыз, мұрынды жауып тек ауызбен тыныс алыңыз.

  3. Жасыл индикатор жанғаннан кейін тыныс алуды бастаңыз.

Ескерту: мәліметтерді жазып жатқан оқушы дауыстап нұсқаулар беріп, тыныс алуларды санап отырады:

    1. 4 қалыпты сабырлы тыныс алыңыз.

    2. Терең тыныс алып, содан кейін бірден максималды күшпен терең тыныс шығарыңыз.

    3. 2 қалыпты, сабырлы тыныс алыңыз.

  1. Мәліметтер жазбасын тоқтатыңыз.

  2. Экспериментіңізді сақтаңыз. Алынған мәліметтерді талдау:

  1. Берілген ӛкпе кӛлемін уақытпен салыстырып, график сызыңыз. Тыныс алу сыйымдылығын, бір секундтағы тез тыныс шығару кӛлемін және тіршілік сыйымдылығын белгілеңіз.

  2. Алынған мәліметтерден тыныс алу сыйымдылығын, бір секунд ішіндегі тез дем шығару кӛлемін және ӛкпелердің тіршілік сыйымдылықтарын анықтайтын арақашықтықты ӛлшеңіз. Алынған мәліметтерді 1-кестеге жазыңыз.

  3. Тез дем шығару кӛлемін келесі жолмен, пайыз арқылы есептеңіз: бір секунд ішіндегі тез дем шығару кӛлемін ӛкпелердің тіршілік сыйымдылығына бӛліп, 100-ге кӛбейтеміз. Мәліметтерді 1-кестеге жазыңыз.

1-кесте: ӛкпенің функционалдық сынамы кӛлемі мен ӛкпелердің тіршілік сыйымдылығын ӛлшеңіз.



2 Ӛлшеу

3 Мәні

4 Тыныс алу кӛлемі, бір тыныс алу
кӛлемі

5

6 Бір секунд ішіндегі терең дем шығару
кӛлемі

7

8 Ӛкпелердің тіршілік сыйымдылығы:
ӛкпедегі ауаның максималды кӛлемі

9

10 Терең дем шығару кӛлемінің пайызы

11

Тақырыпты бекіту үшін талдауға және жинақтауға ұсынылатын сұрақтар:



  1. Ӛкпенің кӛлемін ӛлшеу барысында тӛрт алғашқы тыныс алуларда айырмашылықтар байқалады. Оған себеп болған не деп ойлайсыз?

  2. Максималды тыныс шығару мен тыныс алудан кейінгі екі қалыпты тыныс алу, бірінші тӛрт қалыпты тыныс алуға қарағанда неге жеңілірек болады.

  3. Ер адамдар мен әйелдердегі тыныс алу кӛлемін салыстырыңыз.

  4. Демікпемен ауыратын адамдардың тыныс алу кӛлемі қалай ӛзгереді деп ойлайсыз?

Оқушылар білімін тексеру үшін ұсынылатын сұрақтар:

  1. Тыныс шығарғанда кеуде қуысы қандай ӛзгеріске ұшырайды?

    1. Диафрагма мен қабырға бұлшық еттері созылады.

    2. Диафрагма мен қабырға бұлшық еттері босаңсиды.

    3. Қабырға бұлшық еттері жиырылып, альвеолдағы ауа қысымы атмосфералық қысымға қарағанда тӛмен болады.

    4. Кӛкірек қуысындағы кӛлем үлкейеді.

  2. Адамның максималды тыныс шығарғаннан кейін тыныс алатын ауа кӛлемі қалай аталады?

    1. Тіршілік сыйымдылығы

    2. Тыныс алу кӛлемі

    3. Қалдық сыйымдылық

    4. Ӛкпелік желдету кӛлемі

  3. Ӛкпе альвеолалары мен капиллярларындағы кӛмірқышқӛыл газы мен газтекті оттегінің алмасу үдерісі қалай аталады?

    1. Осмос

    2. Диффузия

    3. Фагоцитоз

    4. Эндоцитоз





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет