Сарамандықжҧмыс№4.Физикалықжҥктемежәнежҥрексоғысының жиілігі Мақасаты: Жүрек соғуының жиілігі датчигін қолдана отырып, оқушылар физикалық жүктеменің физикалық дайындық деңгейімен салыстырғандағы әсерін бақылайды. Оқушыларға қойылатын тапсырма:
Физикалық жаттығуларды орындау кезіндегі және одан кейінгі жүрек қағысының орташа деңгейін анықтау. Жүрек қағысы жиілігінің негізінде денсаулыққа максималды пайда әкелетін жаттығулар деңгейін анықтау.
Тапсырмаларға шолу
Келесі тапсымаларды орындай отырып, оқушылар тәжірибе жинайды: Жүрек қағысының жиілігін ӛлшеу үшін Prepare the exercise heart rate sensor датчигін дайындау;
Физикалық жаттығуды орындағанға дейінгі жүрек қағысының жиілігін анықтау;
Физикалық жаттығуды орындау кезіндегі жүрек қағысының жиілігін анықтау;
Физикалық жаттығуды орындағаннан кейінгі жүрек қағысының жиілігін анықтау;
Жүрек қағысының проекциялық жиілігін анықтау;
Материалдар мен жабдықтар
Әр оқушыға немесе топқа:
Мәліметтерді жинау жүйесі
Жүрек соғысы жиілігінің Hand Grip датчигі.
Мәліметтерді жинау жҥйесін қолдану
Бұл тәжірибеде оқушылар келесі техникалық жұмыстарды орындайды.
Мәліметтерді жинау жүйесіндегі жаңа тәжірибенің басы
Датчикті мәліметтерді жинау жүйесіне қосу
Мәліметтерді жазудың бастауы және аяқталуы
Мәліметтерді кестеде кӛрсету
Кестенің шкаласын орнату
Кесте шыңының мәнін табу
Мәліметтер статистикасын қарау
Тәжірибені сақтау
Қысқаша ақпарат
Жүрек соғуының жиілігі – бұл жүрек кезеңінің жиілігін суреттеу үшін қолданылатын термин. Әдетте ол жүректің минутына жиырылуының (қағысынын) саны ретінде есептеледі және «минутына қағысы (мқ)» ретінде кӛрсетіледі. Ересек адамның жүрегі қалыпты жағдайда шамамен мқ 70 (еркектер) және мқ 75 (әйелдер) соғады, бірақ бұл қӛрсеткіш барлық адамдар үшін түрліше болады. Тамыр соғуы – бұл жүрек ырғағының жиілігін ӛлшеу әдістерінің бірі.
Ағза жүрек шығысын (жүрек бір секундта шығаратын қанның мӛлшері) арттыру үшін жағдайларды кеңінен тандауға жауап ретінде жүрек ырғағының жиілігін арттыра алады. Физикалық жүктеме қалыпты адамның жүрек қағысының жиілігін қалыпты жағдайдағы жүрек қағысының жиілігімен салыстырғанда артуына мәжбүрлейді. Жаттығу неғұрлым қарқынды болса, жүрек қағысының жиілігі де жоғары болады.
Осыған қарамастан, орташа деңгейлі мқ 60 және 100 аралығында болады. Егер жүрек қағысының жиілігі мқ 60-тан тӛмен болса, онда жағдай брадикардия деп аталады. Егер жүрек қағысының жиілігі мқ 100-ден асатын болса,онда жағдай тахикардия деп аталады.