Курстың мақсаты - бүгінгі күні адамның функционалдық сауаттылығы оның микроәлеуметтік ортада бейімделу қабілетінің көрсеткіші болып табылады. Елімізге сыртқы ортаға қатынас жасай алатын, оған тез бейімделіп, жұмыс істей алатын жастар қажет. Осы бағдарлама «Математика», «Алгебра» , «Геометрия» пәндерінде қойылған проблемаларды шешуге бағытталған.
Курстың мазмұны
І тарау. Алгебралық сауаттылық.
ІІ тарау. Комбинаторика элементтері. Кездейсоқ оқиғалар. Логикалық тұжырымдар
ІІІ тарау. Мәселе есептер
Күтілетін нәтиже:
Академиялық пән кеңістігін кеңейту арқылы математиканы зерттеуге тұрақты ынталандыру.
Әр түрлі ойлау қабілеттеріне, белсенді ойлау қабілетіне ие болу.
. Әртүрлі типтегі ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылардың әлеуметтік тәжірибесін, әлеуметтік құзыреттілігін, математикалық сауаттылығын дамыту.
Жағдайды бағалау, оған қатысу, оңтайлы шешімдер табу дағдыларын қалыптастыру.
Оқушының болжай білу және ықтималдық қабілетін дамыту.
Пәнаралық байланыс: физика, химия
Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағат, оқу жылына 34 сағат.
Достарыңызбен бөлісу: |