§1. 2. САНДАРДЫҢ БӨЛІНГІШТІК БЕЛГІЛЕРІ. БӨЛГІШТЕР САНЫН ТАБУ.
Санға бөлінгіштік қасиеттері:
1-ге бөлінгіштік белгісі
● Кез келген сан 1-ге бөлінеді.
2-ге бөлінгіштік белгісі
● Егер санның соңғы цифры 2-ге бөлінсе, онда сол сан 2-ге бөлінеді. Немесе былай да айтуға болады: санның соңғы цифры 0, 2, 4, 6, 8 цифрларымен аяқталса, онда сол сан 2-ге бөлінеді.
3-ке бөлінгіштік белгісі
● Егер санның цифрларының қосындысы 3-ке бөлінсе, онда сол сан 3-ке бөлінеді.
1-мысалы: 6123 санының цифрларының қосындысы 12 саны 3-ке бөлінгендіктен бүкіл 6123 саны да 3-ке бөлінеді. 6+1+2+3=12 Тексеріп көрейік: 6123:3=2041
Достарыңызбен бөлісу: |