/ Жоқ
Бұғының терісі жылуды нашар сақтайды
Иә / Жоқ
Сұрақ 2:Солтүстік бұғысы Бұғының адамға қандай пайдасы бар?
Төмендегі пайымдаулар дұрыс па?
Иә немесе Жоқ
Бұғының мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, үнемі
қолданса қаназдықты жойып адам өмірін ұзартады
Иә/ Жоқ
Бұғының етін тамақ ретінде пайдалануға болмайды
Иә / Жоқ
35-тапсырма:Атмосфералық қысым Атмосфераның бар болуы Жердің табиғатына өте үлкен әсер береді.
Атмосферасыз Жерде тіршілік болмайды.
Атмосфера (атмос – ауа. Сфера – шар)
1634 жылы Эванджелиста Торричелли алғаш рет атмосфералық қысымның
мәнін анықтады. Бұл тәжірибені 7- сынып физика оқулығынан оқып шығуға
болады.
Жердегі қалыпты атмосфералық қысым 760 мм.сын. бағ. немесе
10
5
Па.
Атмосфераны шартты түрде бірнеше қабаттарға бөледі:
тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера, экзосфера.
Шартты қабаттардың шекаралары:
тропосфера – 16 км дейін;
стратосфера – 50 км дейін;
мезосфера – 80 км дейін;
термосфера – 150 км дейін;
экзосфера – 150 км және одан жоғары, одан әрі бұл қабат ғарыштық кеңістікке
көшеді.
Ауаның 90% тропосферада шоғырланған. Оның қалындығы әр түрлі
еңдіктерде әр түрлі болады. Экватор үстінде – 17 км, полюстерде - 8-9 км, ал
орташа еңдіктерде – 10-11 км
Сұрақ 1: Неге Жердің әр түрлі аумақтарда атмосфераның қалындығы әр түрлі?
Жауап: экваторлық еңдіктерде ауа қатты қызады және оның көлемі ұлғаяды, ал
полюс аумақтарында керісінше сығылады
. Сұрақ 2 . Айда Торричелли тәжірибесінің нәтижесі қандай болар еді?
А. Жердегідей, сынап бағанасы 760 мм тең болады
В. Сынап ыдыстан төгіледі.
С. Сынаптың бағаны төмендейді
D. Сынаптың бағаны жоғары болады, себебі Айдың тартылыс күші 6 есе кем
Жауап: В. Айда атмосфера жоқ, сондықтан сынап төгіледі.
Сұрақ 3. Суретке қарап биіктікке байланысты атмосфераның тығыздығы қалай
өзгеретінін анықта
Жауабы: суретте ауа тығыздығы биіктік өскен сайын азаятыны көрініп тұр
Сұрақ 4. Суретке қарап, атмосфераны оттекке байыту үшін қандай ағаштарды егу қажет
Жауабы: емен орманы көп оттек шығарады, бірақ емендер өте баяу өседі,
сондықтан қайындарды егу дұрыс.