Төмендегі пайымдаулар дұрыс па?
Иә немесе Жоқ
Булану процесі температураның азаюына әкеледі
Иә/ Жоқ
Ыдыстың бетінің ауданы үлкен болса, булану процесі
қарқынды жүреді
Иә /Жоқ
Булану құбылысы ағзаны реттеуде маңызды емес
Иә / Жоқ
34-тапсырма.Солтүстік бұғысы.
Бұғы – аша тұяқты жануар. Ол солтүстікте, таулы жерлерде өмір сүреді.
Солтүстік
бұғысы суыққа төзімді, қарға көп батпай жүре береді. Сондықтан
оны
шанаға шегіп, көлік ретінде пайдаланады. Бұғылар мүк, қына сияқты
шөптермен,
суда өсетін өсімдіктермен, ағаштың қабығымен және бүрлерімен
қоректенеді.Мүйіз өскен сайын сезімтал «бархат» деп аталатын терімен
қапталады. Оның үстінен мүйізді қоректендіретін және сүйегін қатайтатын қан
тамырлары өседі. Мүйіз толығымен
өскенде қан айналымы тоқталып, оның
бастамасында сақиналар пайда болады. Содан кейін бұғының мүйізі құрғай
бастайды да, соңында түсіп қалады.
Көбінесе, бұғы мүйізімен ағашқа
сүйкеледі. Бұғының мүйізі өте пайдалы. Одан әртүрлі
дәрі- дәрмектер
жасайды. Әсіресе, жүрек, бауыр, қантамыр, қаназдық ауруларына қолданады
- Пантокрин дәрісі қанқұрамын жақсартып, қаназдықты емдеуге жақсы. Үнемі
қолданса қаназдықты жойып адам өмірін ұзартады.
- Бұғының етін тамақ ретінде пайдалануға болады.
Сұрақ 1
:
Солтүстік бұғысы.
Бұғының суыққа төзімділігінің сыры неде?
Төмендегі пайымдаулар дұрыс па?
Иә немесе Жоқ
Әрбір жүн қылшықтарының арасы ауаға толы, сондықтан
ол суыққа төзімді
Иә
Достарыңызбен бөлісу: