Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығы «Физикадан pisa тапсырмалар жинағы»



Pdf көрінісі
бет33/43
Дата27.09.2023
өлшемі2,36 Mb.
#110792
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43
Байланысты:
Физикадан PISA тапсырмалар жинағы

54-тапсырма.Энергия тиімді үй 


 
Бұл модельдеу шатырдың әр түрлі түстерінің энергияны тұтынуға әсерін 
зерттеуге мүмкіндік береді. Шатырға түсетін біршама күн сәулесі көрінетін 
болады. Біршама күн сәулесі түсіп, үйді жылытатын болады.
Үлгісі жасалған үй сырттағы температураның диапазонына байланысты үйде 
қолайлы 23°C температураны ұстап тұру үшін, жылыту үшін де, салқындату 
үшін де энергияны тұтынады.
Бұл модельдеуде барлық басқару элементтерінің қалай жұмыс жасайтынын 
көру үшін, келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Шатырдың түсін басыңыз.
2. Сырттағы температураны
 
басыңыз.
3. Энергия тұтынумен не болғанын көру үшін, "Орындау" пернесін басыңыз. 
Нәтижелер кестеге көрсетіледі. Ескерту: Энергияны тұтыну ватт-сағатпен 
өлшенеді. Ватт-сағат бір сағаттың ішінде берілетін бір ватт қуатқа тең. 
Сұрақ 1:
Төменде келтірілген ақпараттың негізінде дерек жинау үшін модельдеуді іске 
қосыңыз. Сұраққа жауап беру үшін, сәйкестендіру әдісін пайдаланыңыз және 
кестедегі деректерді таңдаңыз

Кейбір үйлер сырттағы температура 40°С және одан жоғары болатын, өте 
ыстық климаты бар аймақта салынады. Сізден бұл үйлер үшін шатырға қандай 
түсті пайдаланған дұрыс екенін шешуге көмектесуді сұрайды. Өте ыстық ауа-
райында 23°С-ке дейін салқындайтын үй үшін энергия тұтынудың төмендеу 
тәртібінде шатырдың үш түсін қойыңыз. 


42 
Өз жауабыңызды растау үшін, кестедегі деректердің үш бағанына 
толтырыңыз.
 
Энергия тұтыну 
Жоғары ------------- Төмен
Дұрыс жауап:
 
Оқушы сырттағы ауа температурасын 40°C етіп белгілеуді 
және шатырдың түстерін энергияны тұтыну тұрғысында жоғарыдан төмен 
қарай тәртіпте қою үшін, модельдеу нәтижелерін пайдалануды, сондай-ақ 
олардың таңдауын қолдайтын деректерді анықтауды сұрайды. Дұрыс 
жауабы: қара (бұл температурада энергия тұтыну ең жоғары), қызыл 
(орташа), ақ (ең төмен) және 3 растаушы деректер жолы, ол сырттағы 
температура үнемі 40°С-ке тең болатын және барлық үш шатыр түсі бар 
(қызыл, қара және ақ) жолдарды қамтиды. 
Сұрақ 2
 
Сырттағы температура 10°C болғанда, ақ шатырлы үй мен қара шатырлы 
үйдің арасында энергия тұтынудың айырмашылығы неде?
10°C-та, ақ шатырлы үй, қара шатырлы үйге қарағанда
Таңдаңыз ▼ энергияны пайдаланады.
Кестедегі деректердің үш жолын таңдаңыз.
Күн сәулесі шатырдың осы екі түрлі түсімен түйіскен кезде не болатынын 
сипаттай отырып, энергия тұтынудағы айырмашылықты түсіндіріңіз. 
Дұрыс жауап
: Оқушыдан 10°С температурада ақ шатырлы үй мен қара 
шатырлы үйдің энергия тұтынуын салыстыру үшін модельдеуді 
пайдалануды сұрайды. Бұл тармақ екі жеке кодталған сұрақты қамтиды: 
Біріншісі - таңдамалы жауаптары бар сұрақты, сондай-ақ мұндай жауапты 
растау үшін деректер таңдауын қамтиды; Екінші - оқушылардан шатырдың 
түсі күн сәулесінің түсуіне және оны сіңіруге қалай әсер ететінінн 
түсіндіруді сұрайды.
Ақ шатыр сырттағы ауа температурасы 10°C болып тұрғанда, үйді 23°C-ке 
дейін жылыту үшін, қара шатырға қарағанда көбірек энергия пайдаланады. 
Қосымша деректер 10°C ауа температурасы көрсетілген екі жолды қамтиды 

бірінде ақ шатыр, ал екіншісінде қара шатыр белгіленген.
Үшінші - тармағындағы бұл құбылысты түсіндіру үшін, оқушылар күн 
сәулесінің энергия мен жылу көзі екендігін, сондай-ақ қара шатырдың, ақ 
шатырға қарағанда, күн сәулесін көбірек сіңіретінін көрсетуі немесе 
топшылауы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет