71-тапсырма: Жазда неге жылы, ал қыста неге суық?
Қымбат Дарыннан «Неге бізде жазда жылы, ал қыста суық болады?» – деп
сұрады. Дарын бұл сұраққа таңғалып, «Қыста Жер Күннен алыс болады.
Сондықтан Күннен түсетін жылу да аз болады» – деп жауап берді. Бұл
жауаптан соң Қымбат Дарынның сөзін жоққа шығаратын бір фактіні есіне
түсіреді.
Сұрақ:
Төмендегі қай факті Дарынның түсіндірмесінің қате екенін
дәлелдейді?
Бір жауапты таңдаңыз.
А. Жер өз осін және Күнді айналып қозғалады.
В.Күн мен түннің алмасуы Жердің өз осін айналып тұруымен байланысты.
С. Жердің солтүстік бөлігінде қыс болса, оңтүстік бөлігінде жаз болады.
D. Планета күннен алыс болған сайын оның энергиясын аз алады
.
72-тапсырма:
Солтүстік
Америкада
радиодан
және
теледидардан
төмендегіде
келтірілгендей ұсыныс-хабарлама жиі болады. Мысал: егер сіз үйде
болмасаңыз және жақын жерде ешқандай баспана болмаса – жақын жердегі
арыққа немесе ойпаң жерге етпетіңізден жатыңыз, басыңызды қолыңызбен
немесе қалқан бола алатын затпен жабыңыз. Егер сіз машинада болсаңыз –
жүріп кетуге тырыспаңыз, машинадан түсіңіз және жақын жердегі орға
жатыңыз. Егер сіз үйде болсаңыз терезеден, есіктен және үйдің ішкі
қабырғаларынан
алшақ
тұрыңыз,
үйдегі
жертөлеге
тығылыңыз.
55
Жылжымалы үйде, шатырда болсаңыз, одан шығып неғұрлым сенімді
баспана табуға тырысыңыз.
Аталған ұсыныстарды сақтаған жағдайда, адам өзінің өміріне төніп тұрған
қауіпті және жарақат алу қаупін азайтуына болады.
Сұрақтар:
1. Бұл ұсыныстар қандай табиғи құбылыс барысында маңызды болып
табылады?
2. Бұл құбылыстың нәтижесінде болатын зардаптар немен байланысты?
3. Бұл құбылыс туралы не білесіздер?
4. Жер шарының қай аймақтарында жиі байқалады?
5. Қазақстанның жекелеген аймақтарының халқы үшін бұл ұсыныстардың
маңызы бар ма? Маңызы бар болса, онда қандай аймақтар үшін? Себебін
атаңыздар.
|