46
резервуарға мұхиттан тұзды су тартылады. Екі резервуар су молекулаларын
ғана өткізетін мембранамен бөлінген.
Су молекулалары мембрана арқылы тұздың концентрациясы төмен
резервуардан тұздың концентрациясы жоғары ыдысқа ауысады. Бұл тұзды
су резервуарындағы судың көлемі мен қысымын ұлғайтады.Су молекуласы
қозғалысының ұлғайтылған суреті
Тұзды суы бар резервуардағы жоғары қысым астындағы су одан кейін
электр энергиясын өндіріп шығару үшін турбиналарды жылжыта отырып,
құбыр арқылы ағады
.
Электр станцияларының көпшілігі энергияның көзі
ретінде мұнай мен көмір тәрізді қазба отынды пайдаланады.
Бұл жаңа электр станциясы қазба отын түрлерін пайдаланатын электр
станциясына қарағанда неге экологиялық жақтан таза болып есептеледі?
Жауабы:
атмосфераға зиянды қалдықтар мен шығарындылар бөлінбейді;
жасанды су қоймаларындағы су, әдетте, таза, себебі қоспалар түбінде
тұнады. Бұл суды ішу, жуу, шомылу және суландыру үшін пайдалануға
болады;
су - жаңартылатын энергия көзі;
су электр станциясын пайдалану үшін отын алудың, өңдеудің,
тасымалдаудың қажеті жоқ
.
Достарыңызбен бөлісу: