Бағалау жүйесі
Балл
Критерий мазмұны
1
«С» жауабы таңдалады
0
Басқа жауаптар
123
4.4. Кешенді тапсырма «Термос» (4 тапсырма).
Мәтінді оқып, 1-4 тапсырмаларды орындаңдар.
Дәулет қыста шаңғы жаттығуына барғанда өзімен бірге термосқа
ыстық шай құйып алады, ал жазда футбол ойнауға барғанда сол
термосына салқын морс құйып алады. Төмендегі 1-суретте
термостың құрылысы берілген.
1-тапсырма.
Тапсырма сипаттамасы:
• Ғылыми білім саласы: Физикалық жүйелер
• Құзіреттілік: құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру
• Мәнмәтін (контекст): жеке
• Танымдық деңгейі: төмен
• Ғылыми білім түрі: мазмұндық білім
• Жауап формасы: бір дұрыс жауапты таңдау
Тапсырма: Термостағы шайдың ұзақ уақыт бойы ыстық, ал
морстың салқын күйде сақталуының негізгі себебі неде?
А) Қабаттар арасындағы ауасыз кеңістік мүлдем жылу өткізбейді
В) Сыртқы қабат пен сұйықтық ауа қабаты түзіледі
С) Термостың сыртқы қабаты сыртқы ауаны өткізбейді
D) Термостың тығыны ішіндегі сұйықтың булануына кедергі
келтіреді.
Бағалау жүйесі
Балл
Критерий мазмұны
1
А) Қабаттар арасындағы ауасыз кеңістік
мүлдем жылу өткізбейді жауабы белгіленген.
0
Басқа жауаптар
Ішкі айналы
жылтыр
қабаты
Сыртқы қабаты
Вакуум
Сұйыққа арналған
бөлік
1-сурет
124
Достарыңызбен бөлісу: |