«Экстремалды мамандықтар» 4-тапсырма. Тапсырма сипаттамасы:
• Ғылыми білім саласы: физикалық жүйелер
• Кұзіреттілік : Құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру
• Мәнмәтін/ контекст/: жеке , денсаулық
• Танымдық деңгей:жоғары
• Ғылыми білім түрі : рәсімдік
• Жауап формасы: Толық жауап беретін ашық тапсырма (мәтін,
сурет немесе сурет және мәтін)
Тапсырма: Адамның су тереңінен тез көтерілуі кезінде қанда және
газдалған су бөтелкесін жаңа ашқан кездегі байқалатын процестер
арасындағы қандай ұқсастықтар бар?
Жауабыңызды жазыңыз
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
Бағалау Балл
Бағалау критерииі
2
Екі жағдайда да (қанда және газды суда) қысымның тез
төмендеуі нәтижесінде сұйықтықтан газдың белсенді
бөлінуі көміршіктер түрінде жүзеге асады.
151
1
Берген жауапта:Екі жағдайда да (қанда және газды суда)
сұйықтықтан газдың белсенді бөлінуі көпіршіктер
түрінде жүзеге асады. Қысымның әсері туралы
айтылмайды.
0
Басқа жауаптар.