90
2.4. Кешенді тапсырма «Мидың жұмысы»
Мәтінді оқып, 1-5 тапсырмаларды орындаңыз.
Арсен мидың жұмысын 100% белсендіруге уәде беретін
тренингтер туралы жарнаманы көрді. Арсенге бұл идея қызықты
көрінді, бірақ ол мидың тренингтен бұрын қалыпты режимде
қалай жұмыс істейтінін анықтауды жөн көрді.
Үлкен ми сыңарлары қыртысы Ми құрылысы
Ми қалай жұмыс істейді: тіршілікті қамтамасыз етеді.
Ми тек біздің ойлауымыз бен сезінуіміз үшін ғана емес, біз мидың
қатысымен өтетін саналы бақылауымызсыз өтетін көптеген
өмірлік маңызды құбылыстарды байқамаймыз. Мысалы, сопақша
ми - бұл ең мидың ең көне бөлімі. Ол жұлынды мидың басқа
бөліктерімен байланыстырады. Сопақша ми ағзаның өмірлік
маңызды қызметтерін қамтамасыз ететін көптеген туа біткен
рефлекстерге жауап беретіндіктен оның зақымдануы әрқашан өмір
үшін өте қауіпті.
Бұл қызметтер төрт типке бөлінеді:
1) қорғаныс – токсиндер мен бөгде заттардың ағзаға енуіне жол
бермеу үшін немесе олардан құтылу үшін .
2) асқорыту - ас қорыту процесін қамтамасыз ету және тағамды
сіңіру үшін.
3) жүрек-қан тамырлары - қан айналымын қамтамасыз ету қажет
тамырлардың тонусын реттеу үшін.
4) тыныс - тыныс алу процесін қамтамасыз ету үшін қажет (дем
алу мен дем шығару).
Достарыңызбен бөлісу: