Реалдылық конструкциялары кім канша калағанынша көп бола алады, бірақ олардың ешкайсысы да соңғы ақиқатқа жатпайды. Адам танымы дүниені бейнелемейді - бар болғаны түсіндіреді және сол түсіндірмелердің ешқайсысы басқаларынан артық емес. Постмодернис-философтар болмысты барлық өзгерістер түсіндірілетін және шығарылатын абсолютті, өзгеріссіз нәрсе деп түсінуден бас тартады. Антикалық дәстүрден бастау алатын қандай да бір бастапқы абсолютті болмысты тану, сезіну дәстүрін потстмодернистер «тілдік ойындардағы нәтижесіз жаттығулар» деп атады, және болмысты қалыптасу, өзгеру идеясы ретінде қарастырды: өмір - қуаныш пен қайғы сезімі қатар жүретін жалындау. Қалыптасу үстіндегі болмыс - мәңгі жаратып мәңгі жоятын және бұл процесс барысында ешбір заңға бағынбайтын Гераклиттің оты. Қалыптасу үстіндегі болмыс идеясын А.Бергсон, М.Мерло-Понти, М.Фуко, Ж.Делез, Ж. Батай. т.б. негіздеді