Батыс философиясы Қазіргі заманғы философияның жалпы сипаты және бағыттары



бет80/86
Дата31.12.2021
өлшемі474,66 Kb.
#21198
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   86

Жоғарғы себептер ретіндегі Идеяларды тақтан құлатып, "үстірт" астындағы тереңдіктің босмәнділігін әшкерелеген постмодернистер болмыстың барлық негіздерін мойындаудан ғана емес, оларды бейнелейтін Құдай, жан, Мен, сыртқы дүние, т.б. ұғымдарды қолданудан бас тартты. Олар тек локальды жағдайлар мен тәртіпсіздіктерді мойындап, өздерін дін және ғылыммен бір қатардан емес, саясат және өнермен бірлестікте көреді.

Кездейсоқтық анологиясы - постмодернистік фәлсафалаудың басты мотиві. Бұ л бағыттағы ойдың стратегиясын өз кезінде Ницше және Фрейд анықтағаны белгілі: ештеңеге табынбау, ештеңеге квази-кұдай сияқты қарамау, адамға байланыстының бәрін (тіл, адамдар қауымдастығы, ар-ұят, т.б.) уақыт пен жағдайдың жемісі деп қарау. Философ-постмодернистер номиналистік мәдениет өкілдері Номинализм (лат. "nоmіnа"-атау) жекелеген заттар ғана тіршілік етеді, ал жалпы ұғымдар (универсалиелер) - ойдың жаратқаны және дүниеде оларға ештеңе де сәйкес келмейді, деп санайтын ілім. Бұл ілім ортағасырларда кең тарады (реализммен дау), ал оның бастауы киник Антисфенге апарып тірейді. Заттар мен сөйлемдердің арасындағы "жаңа демаркациялық сызықты" ендіргені үшін Делез дәл осы Антисфенді мақтайды. Сөз бен сөйлемде берілген ой - сөз бен сөйлемсіз тіршілік етпейді. "Дүниенің ғылыми, философиялық, діни, саяси сипаттамаларының бірде-бірі — сол дүниенің дәлме-дәл репрезентациясы бола алмайды". Аталған демаркацияның (шекараларды белгілеудің) басты мағынасы осындай. Постмодернистер мұндай оймен келісе отырып, мұндай репрезентацияның идеясы мағына " атаулыдан жұрдай екенін тұжырымдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет