Жағымсыз эмоция, іске аспаған тілектері, т.б. бейсанаға ығыстырылғанның бәрі ерте ме, кеш пе, «кездейсоқ» әрекет, қылық, сөз, түсініксіз мінез түрінде белгі береді, адам тәртібінен орын алады
Жағымсыз эмоция, іске аспаған тілектері, т.б. бейсанаға ығыстырылғанның бәрі ерте ме, кеш пе, «кездейсоқ» әрекет, қылық, сөз, түсініксіз мінез түрінде белгі береді, адам тәртібінен орын алады.
Бейсаналықтың тіршілігінің ерекше формасы - түс. Фрейд пікірінше, түс - шын өмірде іске аспай жасырын жатқан адам тілектері мен ұмтылыстарының орындалуы мен көрініс беруі.
Фрейд психиканың екі схемасын тұжырымдады:
1.топографиялық
2.динамикалық
Топографиялық схемада бейсана түрлі ойлар, тілектер, адам сезімдері өз кезегін күтіп тұрған дәліз түрінде бейнеленеді. Дәліз бен кабинет арасында сана отырған бөлмеге санаға қолайлы, ыңғайлы ойларды ғана кіргізіп отыратын ( қарауыл) бар. Кейде қарауыл кетіп қалады, ұйықтап жатады. Осыны пайдаланып, күтіп тұрғандардың «қажетсіз» бөлігі кабинетке –санаға анталайды. Қайта оралған немесе ұйқыдан тұрған қарауыл оларды дәлізге қайта қуады.