3. Метафизикалық тенденция философияны болмыс пен танымның тереңдегі негіздері мен мәнін анықтайтын «абсолютті ғылым» деп қарастыру түсінігімен байланысты. Бұл тұрғыда философия өз мазмұнын арнайы ғылымдардағы заңдар мен фактілерге қатыссыз, тәуелсіз, байланыссыз негіздейді, таратады деп санайды. Бұл тенденция діни-философиялық түрлі варианттар арқылы көрініс береді. Феноменология атты ағым да осы бағытқа енеді.
Прагматизм
Прагматизм философиялық сұрақтарды оқып-үйренудегі басты мақсат -абстрактылы ақиқатты іздеу емес, адамдарға олардың нақты өмірлік міндеттерін іске асыруда (түйінді, жағдайларды шешуге) көмекші болатын нақты тәсіл-құралдардың арсеналын жасау деп санайтын философиядағы идеалистік бағыт.