99
өткеннен кейін, Темір бек Омар Шейх мырзаға Әндіжан аймағын
сыйлап, ұстаздыққа Құдайберді Тұқашы Темір ташаны тағайындады да,
оларды солай қарай жөнелтті.
Бабыр өзінің нағашы атасы, Моғолстан ханы Жүніс туралы да
баяндағанда, оның Шыңғыс хан әулетінен шықанын, билігінің заңды
екендігін, саяси шешімдерінің «құдай жолына» сай болатындығын
ерекше атап өтеді.
Саяси шеімдер қабылдағанда мұсылмандық құқық канондарымен
қатар Шыңғыс ханның «Жасасы» ережелері мен ру-тайпалық әдет
құқығы кең қолданысқа ие болған. Бұл әсіресе, қазақ қоғамындағы билік
пен құқықтық қатынастарға тән болды.
Н. Рычков «хандар мен сұлтандардың билігі негізінен ру
басшыларымен қосылып қазақ арасындағы дау-жанжалды шешу, әсіресе
ру басылар екі жақты жарастыра алмаса, даугер билер шешіміне ырза
болмаса жасалады» деп, олардың атқаратын қызметінің бір тарабын
көрсетеді. Ел ішінде кездесетін ірі дау-ұрлық кезінде қай би болмасын
ханның, не ұлыс сұлтанының пайдасына жәбірлеуші жақтың есебінен
хандық кеседі. Хандық дегеніміз көбінесе бесті ат, немесе бесті атан.
Қазақ мемлекеті тәртібі бойынша ханды елмен жалғастырып тұратын ірі
рулардың ішінен сайланған уәкілдер болады. Оларды ханның нағы,
немесе жәй ғана нақ деп атайды. Қазақта «хан сыртынан жұмырдық»
деген сөз бар, ол тек ханға байланысты айтылмайды, жалпы адам
сыртынан ғайбат сөз айтылғанда қолданылады. Егер шын қарсылық
болса оның ауыр-жеңілдігіне қарай жаза қолданылады, хан жасауыл-
дары ол адамның мойнына құрым байлап ауыл айналдырып қуалайды,
тіпті болмаса туыстарынан тоғыздап айып алады. Кей рудың тұтас
бөліктері ханға қарсылық жасаса не төлеңгіттер араласады, не басқа
рулар араға түсіп айыбын төлеп қойғызады. Жалпы қазақ түсінігі
бойынша «ханға қарсылық – құдайға қарсылық» делінеді. Хан түгілі
оның тұқымы да аса сыйлы болуы керек, қазақ мақалы «хан баласы
көпір болса, басып өтпе» дейді [93, 182].
«Бабырнамада» да бұл мәселеге үлкен көңіл бөлінген. Бірақ қазақ
хандығынан ерекше, Ұлы Моғолдар империясында рулық-тайпалық
ұстындар бір орталыққа қатаң бағынған мемлекет мүдделігіне тәуелді
болып шығады. Халық басқару субъектісінен гөрі, басқарылу
объектісіне айналады.
4.
Достарыңызбен бөлісу: