101
типтер арасында да жүргізілген. Әрине, көшпелілер мен отырықшылар
арасындағы «бітпес жауластық» бар деген әсіре бейнелеуге жатады.
Кеңістік аясындағы мәдениеттің автохонды екендігін шешудің
басты жолы осы мәдениетті құраған этникалық бөліктерді, этно-мәдени
аймақты мәңгі өзгермейтін тұтастық ретінде емес, «жанды тарихи
құбылыс күйінде қозғалыс үстінде қарау, көршілес халықтардың тарихи
тағдырымен салыстыра отырып, әрбір этникалық топтың өзінің қазіргі
негізгі жеріне қай уақытта жылжыды, міне, осындай межелерді анықтау
арқылы жүзеге асады [94, 49].
Кеңістік және автохонды мәдениет мәселесін шешу үшін біз оқшау
алынған
этнос
көлеміне,
ол
енетін
үлкен
өркениеттің
(суперцивилизацияның) өріс аймағына жылжу керек. Өткені қазіргі
этностардың көпшілігі қоңыс аударудың ассимиляциялық процестердің,
топтасу мен жіктелудің нәтижесінде қалыптасқан. Бұған мысалдар
жеткілікті. Айталық, Иран мен Солтүстік Үндінің халықтары арийлік
топтардың оңтүстікке қарай қоныс аударуы негізінде, француздар галл
тайпалары мен франктардың араласуы, орыстар ежелгі славян тайпала-
рының көршілес угро-финн, скандинавтық, түріктік компонеттерді өзіне
сіңіруі нәтижесінде қалыптасқан. Соңғы кезде қалыптасқан латинамери-
кандықтар туралы айтпаса да түсінікті. Қазақтың этникалық террито-
риясы да көп ғасырлық қалыптасу нәтижесінде айқындалды. Аталған
тарихи-мәдени процестерсіз Бабыр бастаған бұрынғы түркілік көшпелі-
лердің Ферғанадан Ауғанстан мен Үндістанға қоныс аударуын, басқа
этникалық жұртта алып мемлекет құруын түсіндіру қиынға соғады.
5.
Достарыңызбен бөлісу: