Батыс тарих философиясыныњ негізгі


Жаулап алған аймақтар мен басқа халықтарда билік жүргізу



Pdf көрінісі
бет17/42
Дата21.09.2023
өлшемі1,93 Mb.
#109557
түріМонография
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42
Байланысты:
қazaқtanu-tarih-filos.

Жаулап алған аймақтар мен басқа халықтарда билік жүргізу. 
Бұл биліктің субъектісіне жиі ретте қаруланған халық (тайпа, әскери 
топ, gens (тек) жатады. Хандар мен сұлтандар – өз халқының басқаларда 
өктемдік етуінің құралы, яғни туысқандық қатынастар саяси үстемдіктің 
басты құралы болған. Бірнеше тарихи деректер келтірейік.
Араб саяхатшысы Ахмед ибн Фадлан оғыз-түркілердің саяси 
құрылымын сипаттай келе, «небір шиеліністі саяси шаруалар келісіп, 
бітіп тұрған істі аяқтап жіберді» дейді. Бұл сипатталған суреттеме таза 
көшпелілердің демократиялық табиғатына ғана тән дүние. Яғни, қанша 
жерден Орталық Азия, Қытай немесе Иран, Византия сияқты 
отырықшы, егінші өлкелерге билік жүргізіп, мемлекет құрғанымен 
көшпелілер өз іштерінде әскери-рулық тәртібінен шығып кетпеген.
Көшпелілер мемлекеттеріндегі рулық тәртіптің, құрылымның тағы 
бір айғағы Батыс Түркі қағанатындағы «он оқ бұдұн» деген қосымша 
атау. Он ұлысқа бөлінген ел, түптеп келгенде он рудың жиынтығы. 
Оның алғашқы көш басшысы Бумынның кіші інісі Естеми қаған, осы 
құрылымды нығайтқан Ашбара Теріс қаған т.б. Кейіннен түркінің ондық 
дәстүрі әкімшілік-әскери тәртіптің негізі есебінде Шыңғысхан құрған 
моңғол мемлекетінің қазығы болды. «Күшлүк жаққан өрттің жалыны 
сөнген уақытта, жолдардың бәрі жаулар мен қарсыластардан босағанда 
Шыңғыс ұлдары мен бектерін он мың, жүз мың елге басшы қылып 
бөліп, жиналыс ашып, байырғы жарлықтары мен жаңа жолдың арасынан 
дәлелдеп, алым-шығын жинауға бұйырып Хорезм шаһ еліне жорыққа 
дайындықты бастады», – дейді Рашид ад дин. Осы оқиға 1218 ж. болса 
керек.
Шыңғыс ханның және оның мұрагерлерінің құрған мемлекеті 
бірнеше ғасыр өмір сүрген тұрақтылығымен ерекшеленеді. Бұл бір 
жағынан өз тарихында болған қателіктерді қайталай бермейтіндігін де 
аңғартса керек. Моңғол шежіресіндегі аса көрнекті ұлағаттардың бірі 
Елюй Чу цайдың айтатын Үгедейге «сендер аспан астын аттың үстінде 
отырып алсаңдар да, аттың үстінде отырып басқара алмайсыңдар» деген 
көрегендік өсиетін ерте түсінген моңғол билеушілері мемлекет құру, 
билеу саясатында әуелде ұйғыр, кейін Қытай, Иран тәжірибесін жақсы 
пайдалана білді [93, 63]. 
«Бабырнамадан» XV-XVI ғасырларда Орталық Азиядағы көшпелі 
түркі тайпалары бастарын қосқан қолбасшыларына еріп, жаңа қонысқа 
барып, кейінгі этностардың ұйытқысы болғанын көреміз. Жәнібек пен 
Керейдің соңынан ергендер қазақ халқының, Шайбани ханмен кеткендер 
өзбек халқының, ал Бабырмен бірге ілескен жартылай көшпелі түркілер 
Ұлы Моғол империясын құрғаны тарихтан белгілі. Осыған 
«Бабырнаманың» кіріспе мақаласында да назар аударылады.
Сол түркі халқы «Бабырнамада» жазылғандай ХҮІ ғасырдан 
бұрынғы Үндістанда, Ауғанстанда мекен құрған ба? Әрине, бұған 


98 
дәлелді әуелі Бабырдың Бхираның жер иеленушілеріне айтқан мына 
сөзінен аңғарасыздар: «Бұл жер – атам заманнан бері түріктердің иелігі. 
Байқаңыздар, жүректеріңіз қобалжып, үрей ұялап, халықты тоздырып 
алмаңыздар. Біз бұл халыққа, оның жеріне іргелес тұрамыз, төскейде 
малымыз, төсекте басымыз қосылған бір елміз. Сондықтан шапқын-
шылыққа, тонаушылыққа жол бермейміз» [93, 226]. 
Бабырдың сөзінің жаны бар. Түркі халқы Үндістанға б.з. ІV 
ғасырында аяқ басқанын, Үндістан мен Орталық Азияның тарихынан, 
әсіресе, Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» жинағында 
жазылған деректерден анық білеміз. Осы ретте бұлтартпайтын бір дәлел 
– әйгілі ғалым Әмір Нәжиптің «ХІ-ХV ғасырлардағы түркі тілінің 
тарихы туралы зерттеуінде» бұрын ғылым дүниесіне белгісіз, ұмыт 
болып келген шығарманы оқырманға ұсынғаны. ХІV ғасырдың басында 
терістік Үндістанда – Дели сұлтандығында Бадыр ад-дин Ыбырайым-
ның бірнеше тілдің түптамырын шалғайтын парсы тілінің лұғаты 
жасалған. Мұнда түркі тілі де қамтылады. Шығарма – «Ауызекі лұғат, 
зерттелетін дүние» деп аталды. Бұл шығарманың қолжазбасы ТашМу-
дің қолжазба қорынан табылған. Сол сияқты «Бадам әл-лұғат», 
«Санлақ», «Кітаби лұғат-и аттракияда» да түркі сөздеріне талдау 
жасалады. Бұл шығармалар Ұлы Моғол мемлекеті орнағанға дейін 
Үндістанда түркі тілдес тайпалар мекендеп, олардың мемлекеттік тілге 
ие болғанын дәлелдейді [87, 9-10]. 
3. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет