Бауыр (liver) - организмнiң ең iрi безi. Бауыр iшекте сорылған барлық қоректiк заттарды (лимфа тамырларына түсiп, одан қанайналымға баратын липидтерден басқа) сақтайды, қарын-iшек жолы ағзаларынан ағатын қанды қақпалық көк тамыр (вена) жүйесiнен алып, организмде ерекше орын алады. Қорек заттар бауырда жиналады, өңделедi, қайта түзiлген қосындылармен бiрге қанға бөлiнедi. Бауырға iшектерден, жүйе қанағымынан түрлi уытты, биологиялық белсендi заттар түседi, олар бұзылып, зиянсыз өнiм түрiнде өтке шығарылады. Өтте басқа құрамбөлiктермен бiрге, өт қышқылдары да сақталады. Ол iшекте майды ыдыратуға, көбiктендiруге, сiңiрiлуiне қажет.

Бауыр - iшекке өт бөлетiн экзокриндi және қанға бiрталай зат түзетiн эндокринді без, әрi организмнiң ұрықтық кезеңiнде ол - әмбебапты қан өндiретiн ағза.

Бауыр он екi елi iшектiң бүйiр аймағындағы эпителий қатпары пiшiндi тәрiздi болып дамиды, кейiн алдыңғы және артқы жақтарға бөлiнедi. Алдыңғы жақтан бауыр дамиды, артқы жақтан өт қабы, оның өзегi құрылады. Мұндағы мезенхимадан келешек ағзаның дәнекер ұлпа бөлiгi - строма және көптеген қан тамырлары пайда болады.
Бауырдың қызметі
Бауыр өт шығару үрдісіне қатысады;
Бауырда гистогемалық, гематолимфалық тосқауылда жақсы дамыған. Осыдан бауыр лимфа түзілуіне қатысады;
Бауыр зат алмасу процесіне қатысады;
Бауыр белок алмасуына қатысады;
Бауыр қан ұюына қатысатын белоктар мен олардың компоненттерін тузеді;
Бауыр майалмасуына қатысады;
Бауыр холестерин тузуге қатысады;
Бауыр тұз, су алмауына қатысады;
Ол витаминдер тузуге қатысады;
Ол қан жүйесінің организмге қалыптытаралуына қатысады;